Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 502 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2008 жылғы 26 мамырдағы
N 502 қаулысымен   
бекітілген      

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 470-98-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "470-98 "Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік
              технологиялар және инжиниринг университеті"
              республикалық мемлекеттік қазыналық
              кәсіпорны                               Ақтау қаласы".

      2. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі N 1021  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 28, 339-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:

      реттік нөмірі 32-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "32-1. "Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік
             технологиялар және инжиниринг университеті"
             республикалық мемлекеттік қазыналық
             кәсіпорны                                Ақтау қаласы".

      3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлімде:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті".

      4. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 140-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "140. "Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".