Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 836 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 499 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 4 қыркүйектегі  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына:
      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры Тортаев Бауыржан Қадырұлы хатшы ретінде енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Шаққалиев Арман Абайұлы шығарылсын.

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      7-тармақтағы "басшылары" деген сөзден кейін ", Парламент депутаттары" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов