Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 203-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар борышының 2008 жылға арналған лимиттері белгіленсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 21 мамырдағы
N 481 қаулысына
қосымша
Жергілікті атқарушы органдар борышының 2008 жылға
арналған лимиттері
N |
Жергілікті атқарушы орган |
Жергілікті |
1 |
Ақмола облысы |
15 |
2 |
Ақтөбе облысы |
15 |
3 |
Алматы облысы |
15 |
4 |
Атырау облысы |
15 |
5 |
Шығыс Қазақстан облысы |
15 |
6 |
Жамбыл облысы |
15 |
7 |
Батыс Қазақстан облысы |
15 |
8 |
Қарағанды облысы |
15 |
9 |
Қостанай облысы |
15 |
10 |
Қызылорда облысы |
15 |
11 |
Маңғыстау облысы |
15 |
12 |
Павлодар облысы |
15 |
13 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
15 |
14 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
15 |
15 |
Алматы қаласы |
45* |
16 |
Астана қаласы |
45* |
Ескертпе:
* жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ссуда капиталының ішкі нарығында қарыз ала алған жағдайда, лимиттің есептеуі осы жергілікті атқарушы органның бюджетке түсетін ағымдағы жеке тұрақты түсіміне, салық және салықтық емес түсімдердің және бюджеттік алымдарды (жеке кірістерді) қоспағанда, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің тиісті көлемі қатынасында белгіленеді. Бұл ретте, жергілікті атқарушы орган борышының ең көп лимиті жеке кіріс көлемінің 45%-нан аспауы тиіс.