Статистикалық жүйені жетілдіру және мемлекеттік органдардың статистикалық қызметін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 16 мамырдағы
N 459 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі
кеңестің құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға
Мешімбаева - Қазақстан Республикасы
Анар Ертөлеуқызы Статистика агенттігінің
төрайымы, төрағаның орынбасары
Раисов - Қазақстан Республикасы
Данар Дулатұлы Статистика агенттігі
Стратегиялық жоспарлау және
деректерді тарату департаменті
директорының орынбасары, хатшы
Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы
Ғабидолла Рахматуллаұлы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы (келісім
бойынша)
Алдабергенов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Нұрлан Шәдібекұлы монополияларды реттеу
агенттігінің төрағасы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Көлік
Серік Нығметұлы және коммуникация министрі
Балиева - Қазақстан Республикасының Әділет
Зағипа Яхянқызы министрі
Бахмутова - Қазақстан Республикасы Қаржы
Елена Леонидовна нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігінің төрайымы
(келісім бойынша)
Дерновой - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Григорьевич сақтау министрі
Досмұханбетов - Қазақстан Республикасының Туризм
Темірхан Мінайдарұлы және спорт министрі
Есекеев - Қазақстан Республикасы
Қуанышбек Бақытбекұлы Ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің төрағасы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы және ақпарат министрі
Күрішбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы министрі
Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Ішкі
Бауыржан Әлімұлы істер министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының
Сауат Мұхаметбайұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрі
Өзібеков Өмірзақ - Қазақстан Республикасы Жер
ресурстарын басқару агенттігінің
төрағасы
Сапарбаев - Қазақстан Республикасының Еңбек
Бердібек Машбекұлы және әлеуметтік қорғау министрі
Сәйденов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Әнуар Ғалимоллаұлы Банкінің Төрағасы (келісім бойынша)
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау министрі
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім
Жансейіт Қансейітұлы және ғылым министрі
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбілдаұлы ортаны қорғау министрі
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич және сауда министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 16 мамырдағы
N 459 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі кеңес туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес қызметінің мақсаты мемлекеттік органдар үшін мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды пысықтау болып табылады.
3. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , " Мемлекеттік статистика туралы " Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі Кеңес туралы Ережені (бұдан әрі - Ереже) басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары
4. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өңдеп шығаратын статистикалық деректермен алмасу жүйесін реттеудің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
2) мемлекеттік статистиканы жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттерді үйлестіру мен келісу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) әдіснамаларды, сауалнамаларды және статистикалық көрсеткіштерді әзірлеу процестерін стандарттау және бірегейлендіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
5. Кеңес өзінің міндеттеріне сәйкес мыналарға құқылы:
1) Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шақыруға және тыңдауға;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан Кеңестің міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұрауға және алуға;
4) мемлекеттік статистика мәселелері жөнінде әдістемелік және нормативтік құжаттарды әзірлеу, сараптама мен консультация жүргізу үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ведомстволар, ұйымдар, шетел мамандарын белгіленген тәртіппен тартуға.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
6. Кеңестің төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, Кеңестің отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары атқарады.
7. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі болып табылады.
8. Жұмыс органы Кеңес жұмысының ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады:
1) күн тәртібін құрайды;
2) Кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
3) Кеңес мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
9. Жұмыстарды ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткізуге дайындықты, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңес отырысынан кейін хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
10. Кеңес отырысының материалдары Кеңестің мүшелеріне Кеңестің отырысына дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
11. Кеңестің отырысы оның төрағасының жеке бастамасы, Кеңес төрағасы орынбасарының бастамасы не Кеңестің қарауына ұсынылған материалдар негізінде Кеңестің мүшесінің бастамасы бойынша шақырылады.
Кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде үш рет өткізіледі және егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
12. Кеңестің шешімі қарапайым кәсіпшілік дауыспен қабылданады, отырысқа төрағалық етушінің қолы қойылған Кеңес отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
Кеңес мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қоса берілуі тиіс.
13. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру мемлекеттік статистиканы дамыту мен жетілдіруге арналған халықаралық ұйымдар бөлетін гранттар мен техникалық көмек құралдары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.