Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы N 454 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 13 мамырдағы
N 454 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 18, 185-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы алып өту кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру ережесінде:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Уәкілетті орган осы Ережеде көзделген бақылаудағы жүктердің импортына/экспортына қажетті құжаттарды құрайтын бірыңғай рұқсатты, сондай-ақ қажет болған кезде өсімдіктердің карантині саласындағы заңнамада белгіленген карантиндегі өнімнің импортына/экспортына рұқсат құжаттарын береді.";

      7-тармақта:
      "15" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Ветеринариялық сертификат, ветеринариялық куәлік және уәкілетті органның импортқа рұқсаты бірыңғай рұқсаттың құрамында беріледі.";

      17-тармақта:
      "15" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бақылауда болатын" деген сөздердің алдынан "Жүктерді транзиттік алып өтуге (30 күнге дейін) және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне (60 күнге дейін) басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      "облыстық (қалалық)" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
      "21-1. Ветеринариялық сертификат, уәкілетті органның экспортқа рұқсаты бірыңғай рұқсаттың құрамында беріледі.";

      2. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1730 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      3. "Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы N 508 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 225-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесінде:

      8-тармақта:
      "отыз" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын.