1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 972
қаулысына
мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген 5-бөлім мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-тармақтармен толықтырылсын:
"19-1. Қазақстан-катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясы.
19-2. "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық кеңесі.";
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" деген 13-бөлімде 55-тармақ алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" деген 16-бөлімде:
"66-1. Қазақстан-италия өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық пен алмасу жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы.";
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген 17-бөлімде:
2. "Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 15 қарашадағы N 1392 қаулысының күші жойылды деп танылсын.