1. "Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 995
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 37, 417-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту" деген 5.4. кіші бөлімде:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстанның өңірлерінде халықты оқытуды ұйымдастыру (666 135 адам - 4,44%);";
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстанның өңірлерінде "жазғы компьютерлік мектептерде" халықты оқытуды ұйымдастыру (330 000 адам - 2,2 %);";
"8. Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
"Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту" деген 4-бөлімде:
реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстанның өңірлерінде халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту (666 135 адам - 4,44%)";
реттік нөмірі 3.5-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытуға республикалық бюджеттен трансферттер бөлу:
2007 жыл - 133 748 адам;
2008 жыл - 248 591 адам;
2009 жыл - 248 591 адам;
2009 жыл - 35 205 адам 75 оқу сыныптарында";
реттік нөмірі 5.4-жолдың 2-бағанында "Балалар үйлерінде тәрбиеленушілерді" деген сөздерден кейін "және қызметкерлерді" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 7-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстанның барлық өңірлерінде жазғы мектептерде" халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту (330 000 адам - 2,2 %)";
реттік нөмірі 7.3-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін Қазақстанның барлық өңірлеріндегі "жазғы мектептерде" 2000 компьютерлік сыныпты ұйымдастыру";