Уларды сатып алу, пайдалану, сақтау, өткізу және жою жөніндегі үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы N 1137
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 44, 520-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары:
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінде уларды өндіру, қайта өңдеу, пайдалану және жою болмаған кезде 1-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшалары бойынша (еңбек қауіпсіздігін бақылаудан және қоршаған ортаны қорғаудан, уларды медициналық бақылаудан және есепке алудан басқа) мәліметтерді ұсыну талап етілмейді.".