Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің»Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы N 541
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 23, 285-құжат):
2-тармақтағы "студенттерге берілген кредиттер" деген сөздер "білім беру кредиттері" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 745
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 30, 386-құжат):
тақырыбында және 1-тармақта:
"кредиттеріне" деген сөз "білім беру кредиттеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"студенттерге" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесінде:
тақырыбында және 1-тармақта:
"кредиттеріне" деген сөз "білім беру кредиттеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"студенттерге" деген сөз алынып тасталсын;
2-тармақтағы "жоғары білімге" деген сөздер "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
2) тармақшада "тәртіппен" деген сөз "тәртіппен және шарттарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) білім беру кредиті - жеделділік, ақылылық, қайтарымдылық шарттарында кредитор қарыз алушыға беретін ақшалай қаражат";
"8) кепілдік беру жоспары - Қаржы орталығының Директорлар кеңесі бекіткен кепілдік беру шарттары.";