" Мемлекеттік кәсіпорын туралы " Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Координатор" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні қызметтік ғимараттарды пайдалануды жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіндегі "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
"3. "Координатор" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Астана қаласы.";
3) "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 47-2-жолмен толықтырылсын:
"47-2. "Координатор" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов