Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы N 644 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 18, 229-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі, төраға
Үмбетова - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Инесса Тілеутайқызы Үкіметтік қарыздарды тарту
департаментінің халықаралық
ынтымақтастық басқармасы еларалық
қаржылық ынтымақтастық бөлімінің
бастығы, хатшы;
көрсетілген құрамнан Коржова Наталья Артемовна, Есімқұлов Ерлан Тұрланғазыұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов