Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 және 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 347 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1) (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.02.26. N 220 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен);

      2) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 489-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:

      "Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері" деген 2-бөлімде:
      "Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету" деген 3-кіші бөлімде:
      2-кезеңде: 2008 жыл:
      "Бұл ретте, елдің ипотека нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар жағдайды реттеудің екі тетігін пайдаланатын болады." деген абзацтағы "екі тетігін" деген сөздер "мынадай тетіктерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      "3-тетік.
      Бұл тетік ұсынысты қысқарту және сұранысты арттыру жолымен тұрғын үй нарығының теңгерімділігіне қол жеткізу мақсатында қолданылады. Ол өзіне мынадай іс-әрекеттерді қамтиды:
      1) Астана қаласы әкімінің құрылыс объектілерінде құрылыс салушылардан пәтерлер сатып алуы;
      2) ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы компанияның және олардың еншілес ұйымдарының қызметкерлер арасында одан әрі бөлуі үшін салынып жатқан үйлерде пәтерлер сатып алуы.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"20.

Тұрғын үй
нарығындағы
ахуалды
тұрақтанды-
ру жөнінде
шаралар
қабылдау

Қазақ-
стан
Респу-
бликасы
Үкіме-
тінің
қаулысы

Қаржы-
мині,
ИСМ,
ЭБЖМ,
Әділет-
мині,
Астана
қаласы-
ның
әкімі

2008
жылғы
сәуір-
желтоқсан

41
млрд.
теңге

Респуб-
ликалық
бюджет
    ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов