Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы N 1125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 345 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы N 1125  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Пірматов                  - Қазақстан Республикасының Экономика
Ғалымжан Олжаұлы            және бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
                            төрағаның орынбасары

Шварцкопф                 - Қазақстан Республикасы Экономика және
Илона Альбертовна           бюджеттік жоспарлау министрлігі
                            Мемлекеттік активтерді басқару саясаты
                            департаментінің директоры, хатшы

Әбілезов                  - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Кәрібай Тілеубергенұлы      сауда вице-министрі

Оспанов                   - Қазақстан Республикасы Табиғи
Мұрат Мағауияұлы            монополияларды реттеу агенттігі
                            төрағасының орынбасары

Нүсіпов                   - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық
Саят Нұрмұхамедұлы          холдингі" акционерлік қоғамы басқарма
                            төрағасының орынбасары (келісім
                            бойынша);

      көрсетілген құрамнан: Құсайынов Марат Әпсеметұлы, Шаққалиев Арман Абайұлы, Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы, Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы, Нұрғожин Марат Рахмалыұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов