"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы " Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдардың басшылары бір ай мерзімде "Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 304 Жарлығын іске асыру мақсатында қызметкерлер санын қысқартуды ескере отырып, штат кестелеріне өзгерістер енгізсін және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне тиісті ақпарат енгізсін.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қоршаған ортаны қорғау министрліктері, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы функциялардың аражігін ажыратуға байланысты қызметкерлердің санын қайта бөлу және беру жөнінде ұсыныстар енгізсін.
4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
1) екі ай мерзімде "Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 304
Жарлығына
сәйкес орталық атқарушы органдардың штат санын қысқарту жөнінде ақпарат;
2) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2008 жылғы 30 сәуірге дейін "Қазына" орнықты даму қоры", "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі", "ҚазАгро" ұлттық холдингі", "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамдарының, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмыс істеуін ескере отырып, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің санын оңтайландыру жөнінде ақпарат енгізсін.
5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Экономика және бюджеттік жоспарлау және Әділет министрліктері үш күн мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарын және оның төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау және өртке қарсы қызмет комитеттерін оларды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарына біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын енгізсін.
6. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 339 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Лимиттерге өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008.05.05
N 416
; 2008.05.30
N 525
,
2008.08.28
N 785
; 2008.11.18
N 1068
, 2008.12.24
N 1242
, 2008.12.31
N 1309
(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2008.12.31
N 1316
(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгізіледі), 2009.01.20
N 23
(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізіледі), 2009.02.06
N 119
, 2009.02.16
N 161
,
2009.03.10.
N 273
(қолданысқа енгізілу тәртібін 8-т. қараңыз), 2009.03.12.
N 290
, 2009.03.17.
N 348
Қаулыларымен.
Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттері
Р/с
|
Атауы |
Штат саны-
|
1 |
2 |
3 |
1. |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлі-
|
1520 |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлі-
|
1338 |
|
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы |
56 |
|
"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы |
22 |
|
"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы |
30 |
|
"Жидебай-Бөрілі" Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және
|
82 |
|
"Көне Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени
|
15 |
|
Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы |
280 |
|
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республи-
|
41 |
|
Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Ұлттық
|
141 |
|
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы |
354 |
|
Алтын және қымбат бағалы металдар мемлекеттік мұражайы |
25 |
|
"Тамғалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-
|
29 |
|
Орталық мемлекеттік мұрағат |
63 |
|
Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазба-
|
16 |
|
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты |
16 |
|
Мемлекеттік мұрағаттардағы деректі материалдардың
|
16 |
|
Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы |
9 |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы |
51 |
|
Ұлттық археография және мәліметтану орталығы |
22 |
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты |
70 |
|
2. |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның
|
112363 |
Облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қаланың,
|
46062 |
|
Астана қаласының Ішкі істер департаменті |
2818 |
|
Ақмола облысының Ішкі істер департаменті |
2616 |
|
Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті |
2294 |
|
Алматы қаласының Ішкі істер департаменті |
4593 |
|
Алматы облысының Ішкі істер департаменті |
2892 |
|
Атырау облысының Ішкі істер департаменті |
1929 |
|
Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті |
4500 |
|
Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті |
2252 |
|
Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті |
2013 |
|
Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті |
5051 |
|
Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті |
1781 |
|
Қостанай облысының Ішкі істер департаменті |
2816 |
|
Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті |
1726 |
|
Павлодар облысының Ішкі істер департаменті |
2434 |
|
Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті |
2166 |
|
Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті |
4181 |
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне
|
46400 |
|
Ішкі әскерлердің құрамалары мен бөлімдері, оның ішінде
|
23147
|
|
Қазақстан Республикасы ІІМ академиясы |
789 |
|
Қарағанды заң институты |
501 |
|
Ақтөбе заң колледжі |
130 |
|
Семей заң колледжі |
160 |
|
Шымкент заң колледжі |
214 |
|
Ішкі әскерлердің Әскери институты |
591 |
|
Бастапқы даярлық училищесі |
94 |
|
Емханасы бар орталық госпиталь |
570 |
|
Аумақтық госпитальдар мен емханалар |
1444 |
|
Кинологиялық орталық |
75 |
|
"Оңтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасы |
29 |
|
"Солтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасы |
23 |
|
"Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасақ |
139 |
|
Автокөлік қызметін көрсету мекемесі |
169 |
|
Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі |
826 |
|
Мамандандырылған күзет бөлімшелері |
17184 |
|
Белгілі бір тұратын жері жоқ адамдарға арналған
|
265 |
|
Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық
|
50 |
|
3. |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі,
|
22863 |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне
|
17846 |
|
Республикалық жедел құтқару жасағы |
56 |
|
28237 әскери бөлімі,
|
791
|
|
52859 әскери бөлімі,
|
227
|
|
68303 әскери бөлімі,
|
184
|
|
Қазселденқорғау |
540 |
|
Көкшетау техникалық институты, оның ішінде өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері |
120
|
|
Батыс өңірлік аэромобиль жедел құтқару жасағы |
32 |
|
Орталық өңірлік аэромобиль жедел құтқару жасағы |
40 |
|
Шығыс өңірлік аэромобиль жедел құтқару жасағы |
32 |
|
Солтүстік өңірлік аэромобиль жедел құтқару жасағы |
32 |
|
Оңтүстік өңірлік аэромобиль жедел құтқару жасағы |
32 |
|
Республикалық дағдарыс орталығы, оның ішінде өртке қарсы
|
25
|
|
Жедел құтқару қызметтері |
285 |
|
Апаттар медицинасы орталығы |
137 |
|
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі,
|
15313
|
|
|
Суда құтқару қызметі |
1072 |
4. |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
|
445 |
5. |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі,
|
1043 |
шет елдердегі мекемелер |
676 |
|
6. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі,
|
13224 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
|
5119 |
|
Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы |
84 |
|
Фитосанитарлық диагностика және болжамдар республикалық
|
1143 |
|
Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы |
150 |
|
Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-
|
18 |
|
Республикалық карантин зертханасы |
35 |
|
Республикалық интродукциялық-карантиндік питомник |
12 |
|
Ауыл шаруашылығы дақылдарын тұқымдық сынау жөніндегі
|
249 |
|
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы |
32 |
|
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы |
42 |
|
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы |
53 |
|
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы |
26 |
|
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы |
39 |
|
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы |
54 |
|
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы |
40 |
|
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы |
64 |
|
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы |
44 |
|
"Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
79 |
|
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
111 |
|
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
320 |
|
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
121 |
|
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
356 |
|
"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
317 |
|
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
46 |
|
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
110 |
|
"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
126 |
|
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы |
44 |
|
"Семей орманы" мемлекеттік орман-табиғи резерваты |
595 |
|
"Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты |
307 |
|
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты |
99 |
|
"Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты" |
86 |
|
Қазақ мемлекеттік республикалық ағаш тұқымы мекемесі |
28 |
|
Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы |
39 |
|
Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық,
|
92 |
|
Оңтүстік Қазақстан гидрогеология-мелиоративтік экспедициясы, Шымкент қаласы |
85 |
|
Қызылорда гидрогеология-мелиоративтік экспедициясы, Қызылорда қаласы |
50 |
|
"Қазагромелиосушар" республикалық әдістемелік орталығы, Тараз қаласы |
23 |
|
7. |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
|
1592 |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
|
21 |
|
8. |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
|
1494 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
|
134 |
|
Кеме қатынасының тіркелімі |
22 |
|
Ақмолажолзертханасы |
8 |
|
Ақтөбежолзертханасы |
8 |
|
Алматыжолзертханасы |
8 |
|
Атыраужолзертханасы |
8 |
|
Батысжолзертханасы |
8 |
|
Жамбылжолзертханасы |
8 |
|
Шығысжолзертханасы |
8 |
|
Қарағандыжолзертханасы |
8 |
|
Қызылордажолзертханасы |
8 |
|
Қостанайжолзертханасы |
8 |
|
Маңғыстаужолзертханасы |
8 |
|
Павлодаржолзертханасы |
8 |
|
Солтүстікжолзертханасы |
8 |
|
Оңтүстікжолзертханасы |
8 |
|
9. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оның аумақтық
|
23211 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ведомстволық
|
75 |
|
Кинологиялық орталық |
40 |
|
Алматы қаласындағы оқу-әдістемелік орталық |
25 |
|
Атырау қаласындағы оқу-әдістемелік орталық |
10 |
|
10. |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
406 |
11. |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық
|
30762 |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ведомстволық
|
26292 |
|
Сот сараптамасы орталығы |
609 |
|
Түзеу мекемелері |
12289 |
|
Павлодар заң колледжі |
218 |
|
Тергеу изоляторлары |
4131 |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-
|
300 |
|
Оқу орталығы |
41 |
|
Халыққа қызмет көрсету орталықтары |
8560 |
|
Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы |
30 |
|
Оңалту орталықтары |
64 |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
|
50 |
|
12. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,
|
2590 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне
|
1868 |
|
Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция |
296 |
|
Академик Қ.И. Сәтпаевтың мемориалдық мұражайы |
18 |
|
Қазақ ұлттық музыка академиясы |
274* |
|
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаты |
81 |
|
Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты |
88 |
|
Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты |
103 |
|
Ө.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернаты |
109 |
|
Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат |
121 |
|
К. Бәйсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта мектеп-интернаты |
103 |
|
Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы |
165 |
|
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана |
37 |
|
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы |
256* |
|
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы |
217* |
|
Мемлекет тарихы институты |
50 |
|
13. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі,
|
13 848 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: |
7141 |
|
Республикалық ғылыми-медициналық кітапхана |
9 |
|
Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь |
409 |
|
Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь |
167 |
|
"Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы |
221 |
|
Қазақ республикалық лепрозорийі |
212 |
|
ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық |
59 |
|
Сот медицинасы орталығы |
1708 |
|
Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы |
690 |
|
Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы |
135 |
|
"Қарағай" республикалық оңалту орталығы |
210 |
|
Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі
|
750 |
|
Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы |
36 |
|
Атырау обаға қарсы күрес станциясы |
313 |
|
Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы |
201 |
|
Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы |
103 |
|
Орал обаға қарсы күрес станциясы |
320 |
|
Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы |
287 |
|
Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы |
125 |
|
Шымкент обаға қарсы күрес станциясы |
134 |
|
Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы |
216 |
|
Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы |
112 |
|
Шалқар обаға қарсы күрес станциясы |
95 |
|
Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы |
250 |
|
Әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың
|
26 |
|
Әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың
|
11 |
|
Темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық
|
131 |
|
Темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың Солтүстік-Орталық өңірлік орталығы |
121 |
|
Темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық
|
90 |
|
14. |
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
|
731 |
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
|
87 |
|
Капиталмұнайгаз |
16 |
|
"Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат
|
71 |
|
15. |
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: |
802 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
|
226 |
|
"Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық
|
15 |
|
Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты (Орал
|
203 |
|
Қазақстан Республикасының сауда өкілдігі |
8 |
|
16. |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, оның аумақтық органдарын ескере отырып |
882 |
17. |
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі,
|
997 |
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне
|
832 |
|
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Спорттағы дарынды
|
191 |
|
Кәркен Ахметов атындағы Спорттағы дарынды балаларға
|
253 |
|
Риддер қаласындағы Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат |
112 |
|
Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат |
276 |
|
18. |
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, оның аумақтық органдарын ескере отырып |
185 |
19. |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, оның
|
3926 |
20. |
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі, оның аумақтық органдарын ескере отырып |
265 |
21. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: |
105 |
Байқоңырбаланс |
15 |
|
22. |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік), оның аумақтық органдарын ескере отырып |
256 |
Ескертпе:
* штат санының лимиті оқу-көмекші персонал ескерілмей көрсетілген
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 339 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулысы .
2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 103 қаулысы 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 6, 53-құжат).
3. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 қаулысы .
4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 744 қаулысы .
5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерін беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қарашадағы N 1162 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 44, 584-құжат).
6. "Автожол саласындағы сапаны арттырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1305 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 50, 643-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 1319 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 50, 648-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 мамырдағы N 649 және 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 28 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 4, 27-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 36 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 4, 30-құжат).
10. "Оңтүстік Қазақстан облысы жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 52 қаулысының 10-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 4, 36-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 ақпандағы N 139 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 62-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 наурыздағы N 142 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 8, 67-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 313 қаулысының 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 14, 136-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы N 353 қаулысы .
16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 және 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 509 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 21, 208-құжат).
17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 586 Қаулысы .
18. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 626 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 24, 251-құжат).
19. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 692 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 285-құжат).
20. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 700 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 290-құжат).
21. "Қазақстан Республикасы министрліктерінің және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 тамыздағы N 730 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 28, 370-құжат).
22. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің "Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы" мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 811 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 32, 348-құжат).
23. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде мамандандырылған бөлім құрудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 852 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 34, 365-құжат).
24. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы N 1024 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 40, 116-құжат).
25. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қарашадағы N 1049 Қаулысы .
26. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 1236 Қаулысы .
27. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесін Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1324 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 50, 551-құжат).
28. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген толықтырулар мен өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 1, 6-құжат).
29. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы N 60 қаулысы .
30. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 72 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 2, 32-құжат).
31. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 ақпандағы N 120 қаулысы.
32. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 164 қаулысының 7-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 7, 82-құжат).
33. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі "мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 ақпандағы N 88 қаулысының 7-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 3, 43-құжат).
34. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 ақпандағы N 89 қаулысы .
35. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы N 105 Қаулысы .
36. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 109 қаулысының 7-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 3, 49-құжат).
37. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 110 қаулысы .
38. "Облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы N 182 қаулысы .
39. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 268 қаулысы .
40. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 мамырдағы N 391 қаулысы .
41. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 438 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 12 және 13-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 17, 191-құжат).
42. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы "Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі N 613 қаулысының 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 25, 290-құжат).
43. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен Салық комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы N 697 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 30, 332-құжат).
44. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына беру және қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы N 704 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
45. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 714 қаулысы .
46. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N 744 қаулысының 4-тармағы.
47. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "УЛ-154/4 мекемесі", "ЕЦ-166/13 мекемесі" мемлекеттік мекемелерін тарату және "Оңалту орталығы 1", "Оңалту орталығы 2" мемлекеттік мекемелерін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі N 783 қаулысының 6-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 33, 367-құжат).
48. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік мекемелерін қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі N 811 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 34, 379-құжат).
49. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - мемлекеттік мекемелерін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қыркүйектегі N 859 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 35, 405-құжат).
50. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 982 Қаулысы .
51. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы N 1077 қаулысы .
52. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Маңғыстау облысының Әділет департаменті Мұнайлы ауданының Әділет басқармасы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемелерін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 1182 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасы.