Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 549 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 22, 254-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Владимир Сергеевич сауда министрі
"Баймұратов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Әбілхан Есенұлы және байланыс агенттігінің Байланыс
департаменті директорының орынбасары,
хатшы"
деген жолдағы "Байланыс департаменті директорының орынбасары" деген сөздер "Байланыс департаментінің директоры" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов