Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі N 323 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 7 сәуірдегі
N 323 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат):

      1-тармақта:

      Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Бычкова - Қазақстан Республикасының

      Светлана Федоровна Парламенті Мәжілісінің депутаты

       (келісім бойынша)

      Дәленов - Қазақстан Республикасының

      Руслан Ерболатұлы Қаржы вице-министрі

      Мамытбеков - Қазақстан Республикасының

      Еділ Құламқадырұлы Индустрия және сауда

       вице-министрі

      Рахымжанов - Қазақстан Республикасының

      Әмірхан Мұратбекұлы Мәдениет және ақпарат

       вице-министрі

      Өскенбаев - Қазақстан Республикасының

      Қайырбек Айтбайұлы Туризм және спорт вице-министрі

      Никитинская - "Атамекен" Одағы" Қазақстанның

      Екатерина Сергеевна ұлттық экономикалық палатасы"

       заңды тұлғалар бірлестігі

       төрағасының бірінші орынбасары

       (келісім бойынша);

       мына:

      "Меркель - Қазақстан Республикасы

      Иоган Давидович Парламент Сенатының депутаты

       (келісім бойынша)"

       деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Меркель - Қазақстан Республикасы Бас

      Иоган Давидович прокурорының бірінші орынбасары

       (келісім бойынша)";

      көрсетілген құрамнан Баталов Асқар Болатұлы, Бөрібаев Асқар Исмайылұлы, Уәйісов Мерей Құрманұлы, Қазыханов Ержан Хозеұлы, Мусин Қобыланды Нұрғалиұлы, Саудабаев Дәулет Советұлы, Скрябин Сергей Васильевич шығарылсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.23 N 632 Қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.