Халықаралық мақта жөніндегі консультативтік комитетпен ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі N 316 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының  9-бабының 14) тармақшасына, "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының  6-бабының 8) тармақшасына, сондай-ақ 1972 жылғы 16 маусымда қабылданған (1987 жылғы қазандағы түзетулермен) Халықаралық мақта жөніндегі консультативтік комитеттің нормалары мен ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Халықаралық мақта жөніндегі консультативтік комитетке (бұдан әрі - Комитет) мүше болып кіруі мақұлдансын.

      2. Комитеттің Хатшылығымен байланысу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ұлттық үйлестіру агенттігі болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Комитетте мүшелігі үшін жарналар төлеуге жыл сайын республикалық бюджетте қажетті бюджет қаражатын көздесін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі