Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.02.2019 № 37 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 426-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесінде:
1-тармақта "облыстар, қалалар мен аудандар әкімдерінің шешімімен құрылатын" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары құратын" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |