Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы N 282 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400  қаулысына  мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:
      "Республикалық мемлекеттік мекемелер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:
      "9. "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты" мемлекеттік мекемесі.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов