Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
51. "Қазагрэкс" акционерлік қоғамы 100%";
3) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2-жолдармен толықтырылсын:
"20-1. "Тың машина сынау станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100%;
20-2. "Сынаушы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 51%".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі