Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.09.2017 № 560 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі, төраға
Әблезов - Қазақстан Республикасының
Кәрібай Тілеубергенұлы Индустрия және сауда вице-министрі
Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы істер вице-министрі
Ботақанова - Қазақстан Республикасы
Толғанай Серікбайқызы Президентінің Әкімшілігі
Әлеуметтік-экономикалық мониторинг
бөлімінің сектор меңгерушісі
(келісім бойынша)
Мағзұмов - Қазақстан Республикасы Көлік және
Руслан Қапызұлы коммуникация министрлігі Қаржылық
реттеу департаментінің директоры
Тортаев - Қазақстан Республикасы Экономика
Бауржан Қадырұлы және бюджеттік жоспарлау
министрлігі Инвестициялық саясат
және жоспарлау департаментінің
директоры
Қыпшақов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Арғын Мықтыбайұлы министрлігінің Салық комитеті
төрағасы орынбасарының міндетін
атқарушы
Мизамбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Өсер Елеусізұлы қауіпсіздік комитеті Экономикалық
қауіпсіздік департаментінің
бастығы (келісім бойынша)
Ниетбаев - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"
Нұрлан Қадырұлы акционерлік қоғамының басқарма
төрағасының орынбасары (келісім
бойынша);
көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Коржова Наталья Артемовна, Исақов Нұржан Әзімханұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Өскімбаев Қожамұрат Бейісұлы, Кәрібозов Қозы-Көрпеш Жапарханұлы, Қанатов Сәбит Сарқытұлы, Сағындықов Самат Алпысұлы, Шәріпов Талғат Қайыркенұлы, Квятковский Эдуард Олегович;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының," және "және республикалық бюджеттен берілген несиелер мен мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктердің" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |