Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы N 415 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 наурыздағы N 254 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы N 415  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
      Жүкенов Жұмажан Қамкенұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары;
      Саймасаева Гаухар Айтжанқызы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бастығы, хатшы;
      Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі;
      Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі;
      Дүйсекеев Айдын Мали-Задеұлы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары;
      Жандаева Дана Шайханқызы - Халықаралық еңбек ұйымының үйлестірушісі (келісім бойынша);
      көрсетілген құрамнан Сыздықова Бақыт Ахметқызы, Әйтекенов Қайрат Медібайұлы, Ан София Павловна, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы, Сәдібеков Бақытжан Мәлікұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі