Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы N 557 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 наурыздағы N 208 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 557  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 22, 226-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      "Құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жобалаудың және оны нормативтік-техникалық қамтамасыз етудің заңнамалық базасын жетілдіру" деген 3-бөлімде:
      6-бағанда:
      реттік нөмірі 14-жолдағы "422,48", "160,81" және "172,07*" деген сандар тиісінше "1070,02", "797,75" және "182,67" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 15-жолдағы "299,16" және "108,56*" деген сандар тиісінше "278,86" және "88,26" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 16-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Талап етілмейді";
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19-1-жолмен толықтырылсын:

"19-1

Қазақстан
Республикасы-
ның аумағын
ұйымдастырудың
бас схемасын
әзірлеу бойын-
ша дайындық
іс-шараларын
өткізу

Нормативтік-
техникалық
құжаттар

ИСМ

2008
жылғы
IV
тоқсан

29,97
2008 ж.
- 29,97

Респуб-
ликалық
бюджет
 
 
 

              "

      реттік нөмірі 20-жолдағы "793,34", "286,03" және "305,85*" деген сандар тиісінше "1446,55", "922,97" және "322,12" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі