"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 18-бабына сәйкес ішкі нарықты қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес көлемде әкелуге қатысты сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Ақ қант импортына квота бөлінсін:
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ақ қантты қайта өңдеушілер болып табылатын заңды тұлғалар арасында;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетімен сатып алуды жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес анықталған заңды тұлғаға 5275 тоннадан аспайтын көлемде.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңды тұлғалардың осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген көлемде ақ қантты әкелуін бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-МИнистрі