"Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 қазандағы N 15 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 16 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2015 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 қазандағы N 15 нормативтік қаулысына (2005 жылғы 28 қазандағы өзгерістерімен бірге) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      12-тармақтың екінші абзацындағы ", бас бостандығынан шектеуге" сөздері алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев