Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары мен жаттықтырушыларын - Паралимпиялық ойындарға қатысушыларды ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы құрама командаларының бірінші - алтыншы орын алған спортшыларына, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларына - мүшелеріне - Паралимпиялық ойындарға қатысушыларға жарыстарға қатысу қорытындылары бойынша біржолғы төлемдер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі берілетін күнге белгілеген бағам бойынша мынадай мөлшерлерде және баламалы сомада белгіленсін:
1-орын - 50 000 (елу мың) АҚШ доллары
2-орын - 35 000 (отыз бес мың) АҚШ доллары
3-орын - 25 000 (жиырма бес мың) АҚШ доллары
4-орын - 14 000 (он төрт мың) АҚШ доллары
5-орын - 6 000 (алты мың) АҚШ доллары
6-орын - 4 000 (төрт мың) АҚШ доллары.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі