Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 1051 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 161 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 1051  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      5-тармақта:
      "Оразбаев Бірлік Есіркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, төраға;
      Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
      Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақшолақов Болат Оралұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, төраға;
      Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
      Ерғожин Дәулет Еділұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;";
      мына:
      "Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі." деген жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі