Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 45, 493-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіз портының тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуіне арналған үлгі шартта:
тақырыбындағы "Теңіз портының" деген сөздердің алдынан "Теңіз портының күшімен және құралдарымен орындалатын" деген сөздермен толықтырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "кемелерге тиеу (түсіру) жөніндегі қызметтер" деген сөздер "күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі теңіз портының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Әуежайлар қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартта:
тақырыбындағы "Әуежайлар" деген сөз "Әуежайлардың реттелетін" деген сөздермен ауыстырылсын және бүкіл мәтін бойынша "қызметтер" деген сөздің алдынан "реттелетін" деген сөздермен толықтырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартта:
тақырыбындағы "тұрағы үшін" деген сөздерден кейін "бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "тұрағы үшін" деген сөздерден кейін және 22-тармақтың 6) тармақшасындағы "тасымалдау процесінің" деген сөздердің алдынан "бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартта:
тақырыбындағы "жүруі үшін" деген сөздерден кейін "бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "жүруі үшін" деген сөздерден кейін "бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын.