Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. "Соттардың некенi бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 28 сәуірдегі N 5 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбындағы "Жоғарғы Соты Пленумының" сөздері "Жоғарғы Сотының нормативтік" сөздерімен ауыстырылсын;
2) кіріспедегі "Пленумы" сөзі "жалпы отырысы" сөздерімен ауыстырылсын;
3) бүкіл мәтіндегі "ҚР" деген сөздер алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | Қ. Мәми |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Ж. Бәйішев |