Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 127 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндіруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 15, 145-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндіруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесінде:
      "ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды" бағанында:
      "0206 30 200 1," деген код "0206 30 000 1," деген кодпен ауыстырылсын;
      "0206 30 300 1," деген код "0206 30 000 3," деген кодпен ауыстырылсын;
      "0206 30 800 1," деген код алынып тасталсын;
      "2501-ден (**)" деген код "2501 00-ден (**)" деген кодпен ауыстырылсын;
      "2851 00 100 0-ден (***)" деген код "2853 00 100 0-ден (***)" деген кодпен ауыстырылсын;
      "3707 90 110 0-ден" деген код "3707 90 300 0-ден" деген кодпен ауыстырылсын;
      "3910 00 000 0-ден (**)" деген код "3910 00 000 9-дан (**)" деген кодпен ауыстырылсын;
      "3926 90 990 9-дан" деген код "3926 90 980 9-дан" деген кодпен ауыстырылсын;
      "4014 90-нан (**)" деген код "4016 99 990 1 (**), 4016 99 990 9-дан (**)" деген кодпен ауыстырылсын;
      "4015 11 000 0-ден (*)" деген код "4015 90 000 0 (*)" деген кодпен толықтырылсын;
      "4811 90-нан (**)" деген код "4811 90 000 0-ден (**)" деген кодпен ауыстырылсын;
      "4811 59 000 0-ден (**)" деген код "4811 59 000 9-дан (**)" деген кодпен ауыстырылсын;
      "6115 93 100 0" "күретамырлары варикоздық кеңейген науқастарға арналған синтетикалық жіптен тоқылған шұлық;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "6115 10 100 0, 6115 10 900 1, 6115 10 900 2" "күретамырлары варикоздық кеңейген науқастарға арналған синтетикалық жіптен тоқылған шұлықтар, колготкилер, гольфілер;";
      "9020 00 (*)" деген код "9020 00 000 0 (*)" деген кодпен ауыстырылсын;
      "9025 11 910-нан" деген код "9025 11 200-ден" деген кодпен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі