Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жану проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Жану проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгеріс бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 7 ақпандағы
N 119 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгеріс
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті бөлімі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 470-205-жолмен толықтырылсын:
"470-205. "Жану проблемалары институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі N 984
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 29, 326-құжат):
көрсетілген қаулыға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесінде:
реттік нөмірі 6-жол алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 700
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-4-жолмен толықтырылсын:
"16-4. Жану проблемалары институты";
4) "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 186-1-жолмен толықтырылсын:
"186-1. Жану проблемалары институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны".