Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 1304 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы N 102 Қаулысы

Қолданыстағы

      Халыққа бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 1304  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 50, 642-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақта 4) тармақша алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативінде:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) емханалар (емхананың жалпы дәрігерлік практика бөлімшелері)";

      2-тармақтағы "10000 (он мыңнан)" деген сөздер "30000 (отыз мыңнан)" деген сөздермен, 3-тармақтағы "10000-ға (он мың)" деген сөздер "30000 (отыз мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі