Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 549 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы N 100 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 549  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 22, 254-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына:

Божко                - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович      жағдайлар министрі енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Храпунов Виктор Вячеславович шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі