Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 2 ақпандағы
N 89 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 96 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 5, 44-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 17-жолдың 2-бағанында "Мемлекеттік активтерді басқару туралы" деген сөздер "Мемлекеттік активтер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 620 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 246-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі" деген 5-бөлімнің жиырмасыншы абзацында "Мемлекеттік активтерді басқару туралы" деген сөздер "Мемлекеттік активтер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
реттік нөмірі 1.14-жолдың 2-бағанында "Мемлекеттік активтерді басқару туралы" деген сөздер "Мемлекеттік активтер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 79 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 3, 38-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспарында:
реттік нөмірі 3-жолда:
2-бағандағы "Өңірлік" деген сөз алынып тасталсын;
6-бағанда "1-тоқсан" деген сөздер "2-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 4, 5, 6, 11, 14, 17, 25, 26 және 31-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірлері 7 және 8-жолдардың 6-бағанында "2-тоқсан" деген сөздер "3-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 9-жолдың 4-бағанында "3-тоқсан" деген сөздер "2-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 12-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меценаттық және демеушілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";
5-бағанда "4-тоқсан" деген сөздер "3-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 13-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";
5-бағанда "4-тоқсан" деген сөздер "3-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 15 және 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
15. |
Мемлекеттік активтер туралы |
ЭБЖМ |
2008 |
2008 |
2008 |
16. |
Қазақстан |
ЭБЖМ |
2008 |
2008 |
2008 |
";
реттік нөмірі 18-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";
4-бағанда "4-тоқсан" деген сөздер "3-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлер 5-1, 14-3, 20-1, 20-2, 20-3, 21-1, 21-2, 21-3, 27-1, 27-2 және 27-3-жолдармен толықтырылсын:
"
5-1. |
Қазақстан |
Әділет- |
2008 |
2008 |
2008 |
14-3. |
Тұтынушылардың |
ИСМ |
2008 |
2008 |
2008 |
20-1. |
Әйелдер мен |
Әділет- |
2009 |
2009 |
2009 |
20-2. |
Қазақстан |
Әділет- |
2009 |
2009 |
2009 |
20-3. |
Қазақстан |
СА |
2009 |
2009 |
2009 |
21-1. |
Қазақстан |
Әділет- |
2009 |
2009 |
2009 |
21-2. |
Қазақстан |
Әділет- |
2009 |
2009 |
2009 |
21-3. |
Қазақстан |
Әділет- |
2009 |
2009 |
2009 |
27-1. |
"Қазақстан |
Еңбек- |
2009 |
2009 |
2009 |
27-2. |
Қазақстан |
Әділет- |
2009 |
2009 |
2009 |
27-3. |
Қазақстан |
Әділет- |
2009 |
2009 |
2009 |
";
ескертпеде:
аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі".
4. "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 12, 140-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 17-жолдың 3-бағанында:
"2008 жылғы ақпан" деген сөздер "2008 жылғы сәуір" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2008 жылғы сәуір" деген сөздер "2009 жылғы маусым" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 49-жолдың 3-бағанында:
"2008 жылғы қазан" деген сөздер "2009 жылғы қаңтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2008 жылғы желтоқсан" деген сөздер "2009 жылғы наурыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 240-жолдың 3-бағанында "2008 жылғы қаңтар" деген сөздер "2008 жылғы ақпан" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
"3-шара. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамуы" деген 3.5.3-кіші бөлімнің алтыншы және сегізінші абзацтарындағы "Өңірлік" деген сөз алынып тасталсын.