Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы N 74 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Өкілетті кеңесіне Лесбек Ташимовты Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің президенті (ректоры) етіп тағайындау ұсынылсын.
      2. "Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Өкілетті Кеңесінің құрамына:
      Ташимов Лесбек енгізілсін;
      "Пірәлиев Серік Жайлауұлы - Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ректоры" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Пірәлиев Серік Жайлауұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы".
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі