Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07 N 429 Қаулысымен.
Инвестициялық және өндірістік әлеуетті дамыту үшін жағдайлар жасау, отандық машина жасау өнімінің экспортқа бағдарлануын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07
N 429
Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) серіктестіктің жарғысын бекіту кезінде оның қызметінің негізгі мәні машина жасауды ғылыми, техникалық және технологиялық дамыту саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін;
2) серіктестіктің жарғысын бекітсін;
3) серіктестіктің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын берсін;
5) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07
N 429
Қаулысымен.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 қаңтардағы
N 25 қаулысымен
бекітілген
1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитеті" деген бөлімде:
реттік нөмірі 525-жол алынып тасталсын.
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-114-жолмен толықтырылсын:
"123-114 "Машина жасау" салааралық ғылыми-
технологиялық орталығы" ЖШС.
3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетіне" деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитетіне";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 291-1-жолмен толықтырылсын:
"291-1 "Машина жасау" салааралық ғылыми-
технологиялық орталығы" ЖШС;
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитетіне" деген бөлім алынып тасталсын.
4. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция және өнеркәсіп комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:
реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
"Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қаласы".
5. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483
қаулысында
:
1) Акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестердің) тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-1-жолмен толықтырылсын:
"11-1. "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлімде:
"Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген 4-тармақ алынып тасталсын.