Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1381 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 323-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "аударымдарды есептеу" деген сөздерден кейін "және аудару" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінде:
      тақырыбында "аударымдарды есептеу" деген сөздерден кейін "және аудару" деген сөздермен, кіріспесінде, 2-бөлімнің тақырыбында "аударымдарды есептеудің" деген сөздерден кейін "және аударудың" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтың екінші абзацындағы және 7-тармақтың төртінші абзацындағы "тиісті" деген сөзден кейін "қаржылық" деген сөзбен толықтырылсын;
      9-тармақта:
      алтыншы, жетінші, және сегізінші абзацтардағы "тиісті" деген сөзден кейін "қаржылық" деген сөзбен толықтырылсын;
      төртінші абзацтағы "3 пайызы" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "2009 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4 пайызы;
      2010 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы";
      сегізінші абзацтағы "құрайды" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "2009 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 пайыз, бірақ тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен жалақының кемінде 4 пайызын;
      2010 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы, бірақ тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен жалақының кемінде 5 пайызын құрайды.";
      Ережеге 1, 2-қосымшаларда "аударымдарды есептеу" деген сөздерден кейін "және аудару" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі