Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1343 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 9, 69-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:

      3-тармақтың жетінші абзацы "жұмысынан айрылу" деген сөздерден кейін ", жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылу" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Орталық - бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты еңбек ету қабілетінен айрылу және (немесе) жұмысынан айрылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің он пайызы мөлшерінде, сондай-ақ жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдердің он пайызы мөлшерінде;";

      5-1-тармақтағы "27-1)" деген сандар алынып тасталсын;

      15-тармақтың бірінші абзацындағы "анықтама-растама" деген сөздерден кейін "не осы салымшы бойынша барлық аударымдар көрсетілген салымшы қаражатының түсімі мен қозғалысы туралы Орталық берген мәліметтер" деген сөздермен толықтырылсын;

      19-1-тармақтағы "жұмысынан айрылу" деген сөздерден кейін ", жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылу" деген сөздермен толықтырылсын;

      36-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айрылу және/немесе жұмысынан айрылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған, аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.".

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі