Ел өңірлері экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспары (бұдан әрі - Іс-қимылдар жоспары);
2) Іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары);
3) Іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөнінде ұсынылатын іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Ұсынылатын іс-шаралар жоспары) бекітілсін.";
2) 2-тармақта:
1) тармақшадағы "Іс-шаралар жоспарында" деген сөздерден кейін "және Ұсынылатын іс-шаралар жоспарында" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "Іс-шаралар жоспарының" деген сөздерден кейін "және Ұсынылған іс-шаралар жоспарының" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 3-тармақтағы "Іс-шаралар жоспарының" деген сөздерден кейін "және Ұсынылған іс-шаралар жоспарының" деген сөздермен толықтырылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
бүкіл мәтін бойынша "нақты секторға жататын" деген сөздер алынып тасталсын;
"1. Ағымдағы жағдайды талдау. Мақсат және міндеттер" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Бұл ретте, міндеттерді сапалы және тиімді шешу үшін жергілікті атқарушы органдардың неғұрлым белсенді қатысуы талап етілмейді. Сондай-ақ, облыстардың, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің шеңберінде тиісті бюджеттік бағдарламалар мен резервтер қалыптастыру орынды болады, олар кейіннен мынадай міндеттер үшін пайдаланылатын болады:
1) республика өңірлеріндегі шағын бизнес жобаларына одан әрі тұрақты кредит беруді қамтамасыз ету;
2) елдің ипотека нарығындағы тұрақтылығын, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және өңірлердегі объектілердің құрылысын аяқтауды қамтамасыз ету.
Бұл ретте, бюджеттік бағдарламалар мен резервтерді қалыптастыруды жергілікті бюджеттердің қаражатын қайта бөлу арқылы ішкі көздер есебінен жүзеге асыру орынды болады.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері тұрғын үй құрылысы нарығында, сондай-ақ шағын бизнес субъектілерінің өтімділігін қамтамасыз ету саласында бақыланбайтын жағдайлардың туындауын болдырмау жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
Жоғарыда аталған бағыттар бойынша шараларды әкімдіктер қажеттігіне қарай, яғни шағын бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау немесе үлескерлердің мүдделерін қорғау талап етілетін жағдайларда қабылдайтын болады. Егер өңірлер экономикасының осы салаларына мемлекеттің араласуы қажет болмаса, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері бұл туралы Мемлекеттік комиссияны жазбаша хабардар етіп, аталған шараларды қабылдамауына болады.
Шағын бизнес субъектілерін қолдау және үлескерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жергілікті деңгейде әзірлеу кезінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері ұсынылатын іс-шаралар жоспарын пайдаланатын болады.";
"Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері" деген 2-бөлімнің 2-тармағында:
он екінші абзац "шеңберінде" деген сөзден кейін "нарықтан аспайтын ставкалар бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
"Осы бағытты іске асыру мақсатында өңірлерде жергілікті атқарушы органдар тізбесін жергілікті бюджеттен шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламаларында айқындалған тиісті талаптарға сәйкес келетін әкімдіктер құрған комиссиялар мақұлдайтын шағын бизнес жобаларын қолдау үшін пайдаланылатын жергілікті бюджеттен берілетін тиісті қаражатты шоғырландыратын болады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері осы бағыт бойынша өз филиалдарына барлық қажетті өкілеттіктерді беретін ШҚДҚ арқылы әрекет ететін болады.
Шағын бизнес жобаларын қаржыландыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік комиссия айқындаған ЕБД-ның филиалдық желісі арқылы орналастырылатын ШҚДҚ-ның кредит қаражатын бөлетін болады. Осы мақсаттарға жету үшін ЕБД, өз кезегінде, ел өңірлеріндегі өз филиалдарына қажетті өкілеттіктерді береді.
Облыс әкімдіктері, ШКДҚ филиалдары және ЕДБ филиалдары арасындағы міндеттердің реттеу үшін осы қатынастар тараптарының әрқайсысы ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды.
Осы бағдарлама шеңберінде шағын бизнес жобалары қаржыландырылатын болады, бұл ретте өңір халқының жұмыспен қамтылу деңгейіне әсер ететін, өндірістік процесті жалғастыруға және тұтынушылық нарықты дамытуға ықпал ететін басталған және қолданыстағы жобаларға басымдық берілетін болады. ШКДҚ филиалдары осы бағдарламаның іске асырылу барысы туралы есепті тиісті әкімдіктерге береді.";
3-тармақта:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл салада "Қазына" ОДҚ" АҚ Мемлекеттік комиссияның операторы болып табылады, ол жергілікті атқарушылар органдармен бірлесіп, тұрғын үй нарығы мен өзге де құрылыстағы жағдайға мониторингті жүзеге асыратын болады, Мемлекеттік комиссияның материалдарын дайындауға жүзеге асырады, Мемлекеттік комиссия шешімдердің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ететін болады".
сегізінші абзацтағы "Компания" деген сөз "Қазына" ОДҚ" АҚ" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-кезеңде: 2008 жыл:
жиырма екінші абзацтағы "объектілер" деген сөзден кейін "құрылысшыларды, өз кезегінде, мынадай кіші топтарға бөлуге болады:" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"жылжу мен сатудың ашық саясатына, құрылыс мерзімдерін сақтайтын нақты баға саясатына ие - жоғары рейтингті компаниялар (3-1-топ);
жылжу мен сатудың онша нақты емес саясаты, ашық емес баға саясаты бар, құрылыс мерзімдерінен кешігетін - орта рейтингті компаниялар (3-2-топ);
жылжу мен сатудың барабар емес саясаты, баға саясаты, құрылыстың мерзімінен едәуір кешігуі немесе құрылыстың жоқтығы - төмен рейтингті компаниялар (3-3-топ).
Орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компаниялардың тікелей жұмысы және белсенді қатысуы басымды түрде Астана, Алматы қалаларындағы құрылыс объектілеріне көзделіп отыр және 3-1 және 3-2-топтарға жатқызылады.
Тоқтата тұруға жататын объектілер бойынша, сондай-ақ құрылыс салушылары 3-3-топқа жататын объектілер бойынша құрылысты аяқтау жөніндегі Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына жүктелетінін белгілеу керек. Үшінші санатқа жататын тұрғын үй құрылыстарының барлық объектілері облыстар әкімдіктерінің ерекше бақылау аймағында болады.";
"3. Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:
"Жергілікті бюджеттерден осы мақсаттарға бөлінетін қаражат үлескерлердің құқықтарын қорғауға және тізбесін әкімдіктер құрған комиссиялар (бұдан әрі - комиссия) айқындайтын басталған объектілердің құрылысын аяқтауға бағытталатын болады.
Үлескерлердің қатысуы бар тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтау үшін әкімдіктерде жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен капиталдандырылатын уәкілетті ұйымдар құрылады (анықталады).
Бұл ретте, елдің ипотека нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар жағдайды реттеудің екі тетігін пайдаланатын болады.
1-тетік.
Құрылысына кредит беру мүмкіндігін екінші деңгейдегі банктер растайтын тұрғын үй объектілері бойынша әкімдіктер ЕДБ-ны тұрғын үй құрылысына кредит беру үшін қорландыру мақсатында олармен өзара іс-қимыл жасайды. ЕДБ кредит беруге дайын, бірақ қазіргі жағдайдағы жай-күйдегі емес, құрылыс объектілері болады. Бұл ретте, осы объектілер бойынша барлық коммерциялық тәуекелдер ЕДБ-ға жүктелетін болады.
Тараптар арасындағы қатынастар әкімдіктер мен ЕДБ филиалдары арасында қол қойылған келісімдермен реттеледі.
ЕДБ тізбесін Мемлекеттік комиссия бекітетін болады.
ЕДБ-ны қорландыруды әкімдіктер жергілікті бюджеттердің есебінен алдын ала капиталдандырған негізделген депозиттерді уәкілетті органдардың орналастыруы жолымен жүзеге асыру жоспарлануда.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын уәкілетті атқарушы органдар құрылысты аяқтау мақсатында қаржыландыруға ұсынылатын объектілердің тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады.
Аталған тізбені комиссия қарайды. Комиссия объектілер тізбесін бекіткеннен кейін объектілер құрылысын аяқтау және үлескерлердің құқықтарын қорғау үшін ЕДБ-ның кредит ресурстарына қажеттілігінің көлемі жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.
2-тетік.
Құрылысын қажетті ресурстары жоқ және құрылысты аяқтау мүмкіндігі күмән келтіретін компаниялар жүргізіп отырған тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтауды қамтамасыз етуді әкімдіктер жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен капиталдандырылатын уәкілетті ұйымдарға жүктейтін болады.
Осы ұйымдар "проблемалы" объектілерді сатып алады (оның ішінде, банкроттық рәсімін қолдана отырып), содан кейін бұл ұйымдар құрылыстың аяқталуын қамтамасыз ете алады. Осы ұйымдардың үлесіндегі тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін не нарықтық құны бойынша сатылады, не коммуналдық меншікке беріледі.";
5) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
2-кіші бөлімдегі "нақты секторға жататын" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2, 6-3-жолдармен толықтырылсын:
"
6-1. |
"ШКДҚ" АҚ-ға |
Қазақстан |
ИСМ, |
2007 жылғы |
Талап |
6-2. |
Бірыңғай |
Қазақстан |
ЭБЖМ |
2007 жылғы |
Талап |
6-3. |
"ШКДҚ" АҚ |
ЭБЖМ-ге |
ҚҚА, |
2007 жылғы |
Талап |
";
реттік нөмірі 11-жол алынып тасталсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөнінде ұсынылатын іс-шаралар жоспарымен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1329 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 қарашадағы
N 1039 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі
іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөнінде ұсынылатын іс-шаралар
жоспары
р/с N |
Іс-шара | Аяқтау нысаны |
Жауапты орындау- шылар |
Орын- дау мерзі- мі |
Бол- жамды шығыс -тар |
Қаржы- лан- дыру көзі |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. |
Тиісті өңірдің |
Мәсли- |
Әкімдік- |
2007 |
Талап |
|
1. Шағын бизнес жобаларына тұрақты кредит беруді одан әрі қамтамасыз ету |
||||||
2. |
"ШКДҚ" АҚ-ға |
Мәсли- |
Әкімдік- |
2007 |
Өкіле- |
Жергі- |
3. |
"ШКДҚ" АҚ-мен |
Кредит- |
Әкімдік- |
2008 |
Талап |
|
4. |
"ШКДҚ" АҚ-ның |
Төлем |
Әкімдік- |
2008 |
Талап |
|
5. |
ЕДБ-ға шағын |
Шарттар |
"ШКДҚ" |
2008 |
Талап |
|
6. |
Шағын бизнес |
Кредит- |
ЕДБ |
2008- |
Талап |
|
2. Елдің ипотекалық нарықтағы тұрақтылығын, үлескерлердің құқықтарын қорғау және объектілер салуды аяқтауды қамтамасыз ету |
||||||
1-тетік. Кредит беру мүмкіндігін ЕДБ растайтын тұрғын үй салу объектілері бойынша |
||||||
7. |
2008 жылға арнал- |
Мәсли- |
Әкімдік- |
2007 |
Өкілді |
Жергі- |
8. |
Уәкілетті ұйымдар |
Тіркеу |
Әкімдік- |
2007 |
Талап |
|
9. |
Уәкілетті |
Төлем |
Әкімдік- |
2008 |
Өкілді |
|
10. |
Үлескерлердің |
Әкімік- |
Әкімдік- |
2007 |
Талап |
|
11. |
Мемлекеттік |
Комис- |
Әкімдік- |
2007 |
Талап |
|
12. |
Уәкілетті |
Шарттар, |
Әкімдік- |
2008 |
Талап |
|
13. |
Тұрғын үй сатып |
Кредит- |
ЕДБ |
Үнемі |
Талап |
|
14. |
Екінші деңгейдегі |
ЭБЖМ-ге |
Әкімдік- |
Тоқсан |
Талап |
|
2-тетік. Құрылыстың аяқталуы күмән тудыратын тұрғын үй объектілерін салу объектілері бойынша |
||||||
15. |
Мемлекеттің |
Комис- |
Әкімдік- |
2007 |
Талап |
|
16. |
Банкроттық рәсім- |
Шарттар |
Әкімдік- |
2007 |
Талап |
|
17. |
Үлескерлердің |
Пайда- |
Әкімдік- |
Талап |
||
18. |
Тұрғын үйді |
Қабыл- |
Әкімдік- |
Құрылыс |
Талап |
|
19. |
Уәкілетті ұйым- |
ЭБЖМ-ге |
Әкімдік- |
Меншік |
Талап |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі;
Әкімдіктер - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың әкімдіктері;
ЕДБ - екінші деңгейдегі банктер;
"ШКДҚ" АҚ - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"
акционерлік қоғамы