Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1254 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1313 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1254  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 600-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      3-тармақтағы "2007 жылғы 31 желтоқсанға" деген сөздер "2008 жылғы 30 маусымға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі