"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау) және арттыру ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру және есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 780
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 28, 364-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 17-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат).
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1307 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау) және
арттыру ережесі
1. Жалпы ережелер
Осы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау) және арттыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 24-бабына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеудің және арттырудың тәртібін айқындайды.
1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) - әлеуметтік аударымдар алымын жинауды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер төлеуді жүргізетін заңды тұлға;
2) асыраушы - өзінің асырауындағы отбасының еңбек етуге қабілетсіз мүшелерін өз табысының есебінен асыраушы адам;
3) әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу (айқындау) - әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алу жөніндегі уәкілетті ұйымның және әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табысын және тиісті коэффициенттерін ескере отырып, әлеуметтік қатердің түріне қарай әлеуметтік төлемдердің ай сайынғы мөлшерін есептеуді жүзеге асыру тәртібі;
4) әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі - алушы) - өзі үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген не оларды өзі төлеген және әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган оған қатысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешім шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (сот хабарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушысының асырауында болған отбасы мүшелері;
5) әлеуметтік төлемдер - алушының пайдасына Қор жүзеге асыратын ай сайынғы төлемдер;
6) әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алу жөніндегі уәкілетті ұйым - Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - Орталық) - өңірлерде құрылымдық бөлімшелері бар, міндетті әлеуметтік аударымдарды аударуды және әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыратын, әлеуметтік аударымдар мен төлемдердің дербестендірілген, орталықтандырылған есебін жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын;
7) әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері.
2. Әлеуметтік төлемдер Қордан ағымдағы айға төленеді.
3. Орталық ай сайын, төлем алдындағы айдың 25-күніне дейін әлеуметтік төлемдер үшін қаражат қажеттілігін есептейді және оны Қорға жібереді.
4. Орталық дайындаған әлеуметтік төлемдерге қаражаттың қажеттілігі негізінде Қор бес күн мерзімде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға қажетті қаражатты Орталықтың шотына аударуды жүргізеді.
5. Орталық ай сайын, 20-күнге дейінгі мерзімде алушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау) тәртібі
6. Әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамдар барлық қажетті құжаттарды қоса бере отырып, белгіленген үлгідегі өтінішімен Заңның 21, 22, 23, 23-1 , 23-2-баптарында белгіленген тәртіппен Орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне жүгінеді.
7. Орталықтың құрылымдық бөлімшелері ұсынылған құжаттардың негізінде бес жұмыс күні ішінде:
1) әрбір әлеуметтік төлем алушы бойынша әлеуметтік төлем алушы іс-қағазының макетін қалыптастырады;
2) алушының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу стажының ұзақтығын растайтын анықтаманы осы Ережеге
1 және
2-қосымшаларға
сәйкес нысан бойынша толтырады;
3) әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептейді;
4) әлеуметтік төлемді тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту) туралы шешімнің жобасын осы Ережеге 3-7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырады және оларды әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жібереді.
8. Әлеуметтік төлемдердің ай сайынғы мөлшерін есептеу (айқындау) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табысын және тиісті коэффициенттерді негізге ала отырып жүргізіледі.
Ай сайынғы табыс жұмыс берушіден көрсетілген айда келіп түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы айда қолданылған әлеуметтік аударым ставкасына бөлу және алынған нәтижені жүзге көбейту жолымен есептеледі.
9. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының пайдасына бір айдың ішінде бір жұмыс берушіден (өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамнан) бірнеше рет әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, осы айға әлеуметтік төлемді есептеу үшін алынатын жиынтық табысы ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының пайдасына бір айдың ішінде екі және одан да көп жұмыс берушіден әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, әрбір жұмыс берушіден келіп түскен әлеуметтік аударымдар бойынша ай сайынғы табыс ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде есептеледі, кейін олар жинақталады.
10. Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айрылған жағдайдағы әлеуметтік төлемнің ай сайынғы мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт айдағы орташа айлық табыс мөлшерін, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының сексен пайызын шегере отырып, тиісті табысты алмастыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу стажы, еңбек ету қабілетінен айырылу деңгейі немесе асырауындағылар санының коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
11. Жұмысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы жиырма төрт айдағы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыс мөлшерін тиісті табысты алмастыру және қатысу стажы коэффициенттеріне көбейту жолымен айқындалады.
12. Жүктілігі мен босануына байланысты берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы он екі айдағы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыс мөлшерін 4,2 коэффициентіне, ауыр босанған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда - 4,7 коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Ядролық сынақтар әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүкті болуына және босануына байланысты жағдайда берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін айқындау кезінде 5,7 коэффициенті, ауыр босанған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда - 6,2 коэффициенті қолданылады.
Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу кезіндегі әлеуметтік төлемнің мөлшерін айқындау кезінде - 1,9 коэффициенті қолданылады.
13. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысын жоғалтқан жағдайда берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген не оны өзі төлеген әйелдің соңғы жиырма төрт айдағы орташа айлық табыс мөлшерін табысты алмастыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Бір балаға берілетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңда
белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорына ұсталған зейнетақы жарналарын ескергенде, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңында
көзделген бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Екі және одан да көп жаңа туған балаларға күтім жасаған жағдайда әлеуметтік төлем әрбір балаға жеке тағайындалады.
14. Бір жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда, әлеуметтік төлемдер бала қайтыс болған айды қоса жүзеге асырылады.
15. Еңбек ету қабілетінен айырылуы, асыраушысынан айырылуы, жұмысынан айырылуы және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуы бойынша берілетін әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыс мөлшері, егер осы айдағы әлеуметтік аударымдар Қорға түскен болса, әлеуметтік қатер басталған айды қоса, соңғы күнтізбелік жиырма төрт айдағы (бұл кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістер болғанына қарамастан) ай сайынғы табысты қосу және нәтижесін жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.
16. Жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді есептеу үшін алынатын орташа айлық табыс мөлшері, егер осы айдағы әлеуметтік аударымдар Қорға түскен болса, әлеуметтік қатер басталған айды қоса, соңғы он екі айдағы ай сайынғы табысты қосу және шыққан соманы он екіге бөлу жолымен айқындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ол әлеуметтік аударымдар он екі айдан кем жүргізілген қатысушысы үшін орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген барлық табыс сомасын осы аударымдар Қорға келіп түскен айлардың санына бөлу жолымен айқындалады.
17. Егер жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңда
белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен көп болса, онда әлеуметтік төлемді есептеу үшін, қаралып отырған кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүргізілген табыс алынады. Бұл ретте, ай сайынғы табыс көрсетілген айда келіп түскен зейнетақы жарналарының сомасын сол айда қолданылған міндетті зейнетақы жарналары ставкасына көбейту жолымен есептеледі.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының пайдасына бір айдың ішінде екі және одан да көп жұмыс берушіден міндетті зейнетақы жарналары келіп түскен жағдайда, әр жұмыс беруші бойынша табыс жеке есептеледі, кейін жинақталады. Бұл ретте, бір айдағы табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңда
белгіленген ең төмен жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
18. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу стажы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу стажы туралы Орталық анықтамасының негізінде (осы Ережеге 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша), әлеуметтік қатер жағдайы басталған айға дейін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен айлардың санын қосу арқылы айқындалады. Егер сол ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай қатысу стажының есебіне қосылады.
19. Еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі немесе асырауындағылардың саны өзгерген жағдайда бұрын тағайындалған ай сайынғы әлеуметтік төлем сомасын қайта есептеу (өзгерту) бастапқы деректердің негізінде жүргізіледі, еңбек ету қабілетінен айырылу немесе асырауындағылардың саны коэффициенттері ғана өзгертілуге жатады. Еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасына сәйкес еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі өзгерген күннен бастап, асыраушысынан айырылуы бойынша - асырауындағылардың саны өзгергені туралы өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі.
Еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің, әлеуметтік төлеммен қамсыздандырылатын асырауындағылар санының өзгеруіне байланысты, ауыр босанған әрі екі және одан да көп бала туған жағдайда әлеуметтік төлемнің мөлшерін өзгерту туралы шешімнің жобасын Орталықтың құрылымдық бөлімшелері дайындайды және ол әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің шешімімен бекітіледі.
20. Ауыр босанған және екі және одан да көп бала туған жағдайда жүктілігі мен босануы жөніндегі әлеуметтік төлем ауыр босанғанын және екі және одан да көп бала туғанын растайтын құжаттың негізінде, төленген әлеуметтік төлем сомасы мен 4,7 немесе 6,2 коэффициенттерімен есептелген әлеуметтік төлем арасындағы айырмаға қосымша ақы түрінде жүзеге асырылады.
21. Еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жұмысынан айырылған жағдайда, сондай-ақ жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдерді есептеу (айқындау) кезінде тиынмен есептелген барлық сома тиындардың сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектенуге тиіс.
22. Еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жұмысынан айырылған, жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алушының жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.
3. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттырудың тәртібі
23. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүргізіледі.
24. Еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері Қор активтерінің есебінен арттырылуға жатады.
Арттыру, арттыру сәтінде (күнінде) әлеуметтік төлем алушылар болып табылатын адамдардың тағайындалған әлеуметтік төлем мөлшерін тиісті арттыру пайызына көбейту жолымен жүргізіледі.
25. Еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі немесе асырауындағылардың саны өзгерген кезде әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру осы Ереженің 15-тармағына сәйкес әлеуметтік төлемнің тағайындалған мөлшерін ағымдағы жылғы әлеуметтік төлемдерді арттыру пайызына, ал егер ағымдағы жылы әлеуметтік төлемдерді арттыру туралы шешім қабылданбаған болса, онда әлеуметтік төлемдерді соңғы арттыру пайызына көбейту жолымен жүргізіледі.
26. Еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы әрбір алушы бойынша шешімдердің жобаларын (осы Ережеге 8 және 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша) әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және төлемдерді жүзеге асыру үшін оларды Орталыққа жібереді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу стажы және
орташа айлық табысы туралы анықтама
___________________________________________________________________
(Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық бөлімшесінің атауы)
Жеке шот N _____________________________________________
Жеке сәйкестендіру коды (ЖСН)* _________________________
Тегі ___________________________________________________
Аты ____________________________________________________
Әкесінің аты ___________________________________________
Жұмыс берушінің
|
Әлеуметтік аударымдар |
|
Кезеңі (айы және күні) |
Сомасы (теңге) |
|
1 |
2 |
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны: |
X |
|
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы стажы
____________________________________________________________
(2-бағандағы күнтізбелік айлардың саны, жазумен)
Әлеуметтік аударымдардың объектісі ретінде ескерілген табыс
____________________________________________________________
(жазумен)
Әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу үшін соңғы 24 айдағы
орташа айлық табыс
____________________________________________________________
(жазумен)
Жауапты орындаушы:
Үзінді көшірменің күні мен уақыты:
Басып шығарған күні:
______________________
Ескертпе.
* - осы жолда ЖСН-мен бірге 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданылатын СТН мен ӘЖК қатар көрсетіледі.
Жүкті болуға және босануға байланысты табысынан айырылған
жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне
қатысушының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне
қатысу стажы және орташа табысы туралы анықтама
(Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық бөлімшесінің атауы)
Жеке шот N _____________________________________________
Жеке сәйкестендіру коды (ЖСН)* _________________________
Тегі ___________________________________________________
Аты ____________________________________________________
Әкесінің аты ___________________________________________
Жұмыс
|
Әлеуметтік
|
Әлеумет-
|
Міндетті
|
Зейнетақы
|
Әлеуметтік
|
|
Кезеңі
|
Міндетті
|
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны: |
|
Х |
|
Х |
|
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы стажы
____________________________________________________________
(2-бағандағы күнтізбелік айлардың саны, жазумен)
Әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу үшін соңғы 12 айдағы
орташа айлық табыс
____________________________________________________________
(7 бағаннан, жазумен)
Жауапты орындаушы:
Үзінді көшірменің күні мен уақыты:
Басып шығарған күні:
______________________
Ескертпе.
* - осы жолда ЖСН-мен бірге 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданылатын СТН мен ӘЖК қатар көрсетіледі.
_______
КОДЫ |_______|
_______________________ облысы бойынша Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау департаментінің еңбек ету қабілетінен
айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау (қайта
есептеу немесе тағайындаудан бас тарту) туралы 200_ жылғы
"__" ______ N _____ ШЕШІМІ
1. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының
21-бабына
сәйкес тағайындалсын:
Тегі ___________________________________________________
Есімі __________________________________________________
Әкесінің аты ___________________________________________
Туған жылы _____________________ жынысы ________________
(күні, айы, жылы) (әйел, ер адам)
Тұрғылықты мекен-жайы (нақты) __________________
Жеке куәлігі N __________ 200_ ж. "__"______
Кім берді _________________________
Жеке сәйкестендіру коды (ЖСН)* _________
Өтініш берген күні: 200_ж. ________. 200_ж. ________ бастап
200_ж. ________қоса алғанда ___________ теңге орташа айлық табысы
ескеріледі.
Әлеуметтік қатер басталған күн 200_ж. "__"________
Еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі _______ %
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жалпы қатысу стажы 200_ж.
________ ________ ай
Әлеуметтік төлемнің мөлшері
200_ж. "__"________ бастап 200_ж. "__"________
______________________________________________________ сомада
(сомасы цифрмен және жазумен)
2. ___________________________________________________
(себебі көрсетілсін)
____________________ себебі бойынша әлеуметтік төлем тағайындаудан
бас тартылсын
М.О. ҚР Еңбекмині аумақтық департаментінің директоры
____________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Орындаушы ______________ ________________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Шешім жобасын әзірледі:
___________________________________________________________________
М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы _____________ ______________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Шешім жобасын әзірлеген маман ___________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
_____________________________
Ескертпе.
* - осы жолда ЖСН-мен бірге 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданылатын СТН мен ӘЖК қатар көрсетіледі.
_______
КОДЫ |_______|
_______________________ облысы бойынша Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау департаментінің асыраушысынан айырылған
жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау (қайта есептеу
немесе тағайындаудан бас тарту) туралы 200_ жылғы
"__" ______ N _____ ШЕШІМІ
1. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының
22-бабына
сәйкес тағайындалсын:
Тегі ___________________________________________________
Аты ____________________________________________________
Әкесінің аты ___________________________________________
Туған жылы _____________________ жынысы ________________
(күні, айы, жылы) (әйел, ер адам)
Тұрғылықты мекен-жайы (нақты) __________________
Жеке куәлігі N __________ 200_ ж. "__"______
Кім берді _________________________
Жеке сәйкестендіру коды (ЖСН)* _________
Өтініш берген күні: 200_ж. ________.
Асыраушының қайтыс болған күні 200_ж. "__"________
Еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны _______ адам.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қайтыс болған асыраушының
қатысу стажы 200_ж. ________ ________ ай.
200_ж. ________ бастап 200_ж. ________қоса алғанда ___________
теңге орташа айлық табысы ескерілді.
200_ж. "__"________ бастап 200_ж. "__"________
Әлеуметтік төлемнің мөлшері_________________________________ сомада
(сомасы цифрмен және жазумен)
Оның ішінде _____________________________ әлеуметтік төлем мөлшері
(негізгі алушының Т.А.Ә., мекен-жайы)
асырауындағы _______ адамға ___________________________________
(сома цифрмен және жазумен)
Асырауындағылар: 1. _____________________________
2. _____________________________
2. 200_ж.___ бастап 200_ж. _____ қоса алғанда
_________________________ үлесі
(үлестік алушының Т.А.Ә.)
200_ж.____ бастап 200 ж. _____қоса алғанда ________________теңге
(сома цифрмен және жазумен)
әлеуметтік төлем мөлшерінде асырауындағы ___________________
адамға бөлінсін
Бөлінген үлес саны бойынша жалғастырылады
3. ___________________________________________________
(себебі көрсетілсін)
______________ себебі бойынша әлеуметтік төлемді тағайындаудан
бас тартылсын
М.О. ҚР Еңбекмині
аумақтық департаментінің директоры _______ ___________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Орындаушы ______________ ________________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Шешім жобасын әзірледі:
___________________________________________________________________
М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы _____________ ______________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Шешім жобасын әзірлеген маман ___________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
_____________________________
Ескертпе.
* - осы жолда ЖСН-мен бірге 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданылатын СТН мен ӘЖК қатар көрсетіледі.
_______
КОДЫ |_______|
_______________________ облысы бойынша Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау департаментінің жұмысынан айрылған
жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау (немесе
тағайындаудан бас тарту) туралы 200_ жылғы
"__" ______ N _____ ШЕШІМІ
1. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес тағайындалсын:
Тегі ___________________________________________________
Аты ____________________________________________________
Әкесінің аты ___________________________________________
Туған жылы _____________________ жынысы ________________
(күні, айы, жылы) (әйел, ер адам)
Тұрғылықты мекен-жайы (нақты) __________________
Жеке куәлігі N __________ 200_ ж. "__"______
Кім берді _________________________
Жеке сәйкестендіру коды (ЖСН)* ______________
Жұмыссыз ретінде 200_ж. "__"____________ бастап тіркелген
Өтініш берген күні: 200_ ж. "__"_________
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жалпы қатысу стажы
200_ж.________ ________ ай
Әлеуметтік төлемнің мөлшері
200_ж. "__"________ бастап 200_ж. "__"________ қоса алғанда
______________________________________________________ сомада
(сомасы цифрмен және жазумен)
2. ___________________________________________________
(себебі көрсетілсін)
____________________ себебі бойынша әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартылсын.
М.О. ҚР Еңбекмині
аумақтық департаментінің директоры _______ ___________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Тағайындау жөніндегі маман ______________ _____________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Шешім жобасын әзірледі:
___________________________________________________________________
М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы _____________ ______________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Шешім жобасын әзірлеген маман ___________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
_____________________________
Ескертпе.
* - осы жолда ЖСН-мен бірге 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданылатын СТН мен ӘЖК қатар көрсетіледі.
_______
КОДЫ |_______|
_______________________ облысы бойынша Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау департаментінің жүкті болуына және
босануына, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты
әлеуметтік төлемді тағайындау (немесе тағайындаудан бас
тарту) туралы 200_ жылғы
"__" ______ N _____ ШЕШІМІ
1. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының бабына сәйкес тағайындалсын:
Тегі ___________________________________________________
Аты ____________________________________________________
Әкесінің аты ___________________________________________
Туған жылы _____________________ жынысы ________________
(күні, айы, жылы) (әйел, ер адам)
Тұрғылықты мекен-жайы (нақты) __________________
Жеке куәлігі N __________ 200_ ж. "__"______
Кім берді _________________________
Жеке сәйкестендіру коды (ЖСН)* ______________
Өтініш берген күні: 200_ ж. "__"_________
Демалыс күндері 200_ж. ____________ бастап 200_ж. ____________қоса
алғанда теңге орташа айлық табысы ескерілді.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері
_________________________________________ теңге сомасында
(сомасы цифрмен және жазумен)
Ауыр босанған немесе 2 және одан да көп бала туу жағдайы үшін
қосымша ақы ________________________________________________
(сомасы цифрмен және жазумен)
2. ___________________________________________________
(себебі көрсетілсін)
____________________ себебі бойынша әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартылсын.
М.О. ҚР Еңбекмині
аумақтық департаментінің директоры _______ ___________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Тағайындау жөніндегі маман ______________ _____________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Шешім жобасын әзірледі:
___________________________________________________________________
М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы _____________ ______________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Шешім жобасын әзірлеген маман ___________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
_____________________________
Ескертпе.
* - осы жолда ЖСН-мен бірге 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданылатын СТН мен ӘЖК қатар көрсетіледі.
_______
КОДЫ |_______|
_______________________ облысы бойынша Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау департаментінің бала бір жасқа толғанға
дейін оның күтімі жөніндегі әлеуметтік төлемді тағайындау
(немесе тағайындаудан бас тарту) туралы
200_ жылғы "__" ______ N _____ ШЕШІМІ
1. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының _бабына сәйкес тағайындалсын:
Тегі ___________________________________________________
Аты ____________________________________________________
Әкесінің аты ___________________________________________
Туған жылы _____________________ жынысы ________________
(күні, айы, жылы) (әйел, ер адам)
Тұрғылықты мекен-жайы (нақты) __________________
Жеке куәлігі N __________ 200_ ж. "__"______
Кім берді _________________________
Жеке сәйкестендіру коды (ЖСН)* ______________
Өтініш берген күні: 200_ ж. "__"_________
Баланы асырап алған немесе қамқорлыққа алған күні: 200_ж._______
Баланың туған күні: 200_ ж. "__" __________
Баланың тегі ______________________________
Баланың аты _______________________________
Баланың әкесінің аты ______________________
Баланың туу кезектілігі ___________________
200_ ж. _______ бастап 200_ж. ______ қоса алғанда ___________
теңге орташа айлық табысы ескерілді
Әлеуметтік төлемнің мөлшері 200_ ж. _______ бастап 200_ж. ______ қоса алғанда
_________________________________________ теңге сомасында
(сомасы цифрмен және жазумен)
2. ___________________________________________________
(себебі көрсетілсін)
____________________ себебі бойынша әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартылсын.
М.О. ҚР Еңбекмині
аумақтық департаментінің директоры _______ ___________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Тағайындау жөніндегі маман ______________ _____________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Шешім жобасын әзірледі:
___________________________________________________________________
М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы _____________ ______________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Шешім жобасын әзірлеген маман ___________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
_____________________________
Ескертпе.
* - осы жолда ЖСН-мен бірге 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданылатын СТН мен ӘЖК қатар көрсетіледі.
_______
КОДЫ |_______|
_______________________ облысы бойынша Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау департаментінің "Міндетті әлеуметтік сақтандыру
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына және "_________"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200_ жылғы "__"_________ N___
қаулысына сәйкес еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда 200_ жылғы
"__"_________ бастап әлеуметтік төлемнің мөлшерін ___% арттыру
туралы
200_ жылғы "__" ______ N _____ ШЕШІМІ
Іс қағаздың N _____________
Азаматтың тегі _________________________________________
Аты ____________________________________________________
Әкесінің аты ___________________________________________
Туған күні _____________________ жынысы ________________
(күні, айы, жылы) (әйел, ер адам)
Жеке сәйкестендіру коды (ЖСН)* ______________
Еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі ______________ %.
Әлеуметтік төлем тағайындалған күні: 200_ж. "__"____________
Әлеуметтік төлемнің мөлшері ___ жылға дейін _____________ теңге
(сомасы жазумен)
Әлеуметтік төлемнің мөлшері ___ жылдан бастап _____________ теңге
(сомасы жазумен)
Тексерілді және бекітілді:
М.О. ҚР Еңбекмині
аумақтық департаментінің директоры _______ ___________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Тағайындау жөніндегі маман ______________ _____________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Шешім жобасын әзірледі:
___________________________________________________________________
М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы _____________ ______________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Шешім жобасын әзірлеген маман ___________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
_____________________________
Ескертпе.
* - осы жолда ЖСН-мен бірге 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданылатын СТН мен ӘЖК қатар көрсетіледі.
_______
КОДЫ |_______|
_______________________ облысы бойынша Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау департаментінің "Міндетті әлеуметтік сақтандыру
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына және "_________"
Қазақстан Республикасы 200_ жылғы "__"_________ N___ қаулысына
сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 200_ жылғы
"__"_________ бастап әлеуметтік төлемнің мөлшерін ___% арттыру
туралы
200_ жылғы "__" ______ N _____ ШЕШІМІ
Іс қағаздың N _____________
Азаматтың тегі _________________________________________
Аты ____________________________________________________
Әкесінің аты ___________________________________________
Туған күні _____________________ жынысы ________________
(күні, айы, жылы) (әйел, ер адам)
Жеке сәйкестендіру коды (ЖСН)* ______________
Отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелерінің жалпы саны ________
Әлеуметтік төлем тағайындалған күн ___________ж.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері ___ жылға дейін _____________ теңге
(сомасы жазумен)
Әлеуметтік төлемнің мөлшері ___ жылдан бастап _____________ теңге
(сомасы жазумен)
Оның ішінде ________________________________________________
(әлеуметтік төлем үлестік алушының Т.А.Ә.)
әлеуметтік төлем мөлшері _________________________ асырауындағы
(сомасы жазумен)
_______ адамға
1. 200_ж. __________ бастап 200_ж. ________ қоса алғанда
__________________________________ _______ үлесі
(әлеуметтік төлем үлестік алушының Т.А.Ә.)
200_ж. __________ бастап 200_ж. ________ қоса алғанда
__________________________________ теңге әлеуметтік төлем
(cомасы цифрмен және жазумен)
мөлшерінде асырауындағы _____ адамға бөлінсін.
2. 200_ж. __________ бастап 200_ж. ________ қоса алғанда
__________________________________ үлесі
(әлеуметтік төлем алушының Т.А.Ә.)
200_ж. __________ бастап 200_ж. ________ қоса алғанда
__________________________________ теңге әлеуметтік төлем
(cомасы цифрмен және жазумен)
мөлшерінде асырауындағы _____ адамға бөлінсін.
Бөлінген үлес саны бойынша жалғастырылады __________________