Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстандық ипотекалық компания" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) кредит берудің мынадай шарттары айқындалсын:
1) кредит мөлшері 12000000000 (он екі миллиард) теңгені құрайды (бұдан әрі - кредит);
2) кредит берудің мақсаты қарыз алушының екінші деңгейдегі банктер берген, қарыз алушының талаптарына сәйкес келетін ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алуы үшін облигациялар шығару кезінде қорландыру құнын төмендету болып табылады;
3) кредит қарыз алушыға жылдық 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызға тең сыйақы ставкасы бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге мерзімдік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында теңгемен беріледі;
4) игеру кезеңі кредитті қарыз алушының шотына аударған күнінен бастап 2 (екі) жылдан аспайды;
5) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген кредит мерзімі аяқталғаннан кейін біржолғы жүзеге асырады;
6) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылдық кезеңділікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақыны алғаш төлеуді кредит беруші кредитті игеру күнінен бастап 12 (он екі) ай өткеннен кейін жүргізеді;
7) республикалық бюджеттен кредит бөлуді кредиттің барлық сомасын қарыз алушының корреспонденттік шотына біржолғы аудару жолымен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кредит шартын жасасуды;
2) кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, оны өтеу мен оған қызмет көрсетуді бақылауды және оның мониторингін қамтамасыз етсін.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.11.16 N 1844 Қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі