"Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 1284 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы  32-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) саны 1749507 (бір миллион жеті жүз қырық тоғыз мың бес жүз жеті) дана билік етуі шектелген жарияланған акцияларын 1749507000 (бір миллиард жеті жүз қырық тоғыз миллион бес жүз жеті мың) теңге сомасына оларды мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп алып қою арқылы Қоғамның салықтық берешегін өтеу есебіне орналастырсын;
      2) акцияларға мемлекеттік меншік құқығын Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тіркеуді қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі