"Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешені (бұдан әрі - Шаралар кешені) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар:
1) Шаралар кешенін іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, жыл сайын Шаралар кешенін іске асырудың барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, жыл сайын Шаралар кешенін іске асырудың барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1279 қаулысымен
бекітілген
Табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешені
Астана - 2007 жыл
Мазмұны
1.
Шаралар кешенінің паспорты
2.
Кіріспе
3.
Табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясаттың қазіргі жай-күйін талдау
4.
Шаралар кешенінің мақсаты және міндеттері
5.
Шаралар кешенін дамытудың негізгі бағыттары және оларды іске асыру тетігі
6.
Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7.
Шаралар кешенін іске асырудан күтілетін нәтижелер
8.
Шаралар кешенін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары
Атауы Табиғи монополиялар салаларында тарифтік
саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешені
Әзірлеу үшін негіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы
20 сәуірдегі N 319 қаулысымен бекітілген
Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы
Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын
іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың
(іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-
2009 жылдарға арналған бағдарламасын
орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының
24-тармағы
Негізгі әзірлеушілер Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі
Іске асыру мерзімі 2008-2010 жылдар
Шаралар кешенінің Табиғи монополиялар субъектілерінің
мақсаты қарқынды және тиімді дамуына бағытталған,
Қазақстан Республикасының экономикалық
стратегиясының талаптарына барабар олардың
қызметін мемлекеттік реттеудің тиімді
жүйесін қалыптастыру және олар ұсынатын
реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын
арттыру
Шаралар кешенінің
Табиғи монополиялар субъектілерінің
міндеттері
қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін
арттыруды ынталандыруға, олардың активтеріне
күрделі (инвестициялық) салымдарды ұлғайту
және олардың инвестициялық тартымдылығын
өсіру үшін жағдайлар жасауға бағытталған
реттеудің нормативтік құқықтық базасын
жетілдіру;
табиғи монополиялар субъектілерін
өнімділікті арттыруға және шығындарды
оңтайландыруға ынталандыратын тарифтер
есептеу әдіснамасын қалыптастыру
Күтілетін нәтижелер Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің
тиімділігін тозған өндірістік активтерді
жаңғыртуға бағытталған инвестициялық
бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру және
кәсіпорындарды басқару (менеджмент) сапасын
арттыру арқылы көтеру;
уәкілетті органның кемінде елу базалық
табиғи монополиялық субъектілеріне орта
мерзімге және ұзақ мерзімге инвестициялық
бағдарламаларды бекітуі;
орта мерзімді және ұзақ мерзімді тарифтер
бойынша жұмыс істейтін табиғи монополиялар
субъектілер санын жиырма базалық субъектіге
дейін ұлғайту;
тарифтерді белгілеу кезінде өңірлік электр
желілік компаниялары болып табылатын табиғи
монополиялар субъектілерінде пилоттық жоба
ретінде салыстырмалы талдау (бенчмаркинг)
әдісінің тарифтерін белгілеу кезінде
қолдану;
авариялар санын төмендету және табиғи
монополиялар субъектілері ұсынатын реттеліп
көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру
Қажетті ресурстар және Табиғи монополиялар субъектілерінің
қаржыландыру көзі салаларында тарифтік саясатты жетілдіру
жөніндегі Шаралар кешенін іске асыру 2008 -
2010 жылдарда республикалық бюджеттен
1117100 мың теңге бөлуді қажет етеді
Табиғи монополиялар субъектілері (бұдан әрі - субъектілер) қызмет ететін салаларда елдің бүкіл экономикасы және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін тауарларды өндіруге және қызметтерді көрсетуге арналған қажетті маңызды ресурстар шоғырланады. Субъектілер суды және жылу энергиясын жеткізеді, электр энергиясын береді және таратады, мұнай мен газды тасымалдайды, көліктік және телекоммуникациялық қызметтерді көрсетеді.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі
Заңының
(бұдан әрі - Заң), оған кейіннен өзгертулер мен толықтырулардың және Қазақстан Республикасында тиісті заңға тәуелді актілердің қабылдануымен негізінен экономикалық тыныс-тіршіліктің пәрменді реттеушілерінің бірі және нарықтық экономикада мемлекеттік реттеудің өркениетті нысандарының негізі болған табиғи монополиялар туралы заңнаманың қалыптасуы аяқталды.
Тарифтік реттеудің негіздерін қалыптастыру кезеңдері 2001 - 2007 жылдар кезеңде іске асырылған бірнеше Бағдарламалық құжаттарда өз көрінісін тапты.
Табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешені (бұдан әрі - Шаралар кешені) тарифтік саясатты дамытудың және субъектілерді дамытуға және олар ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған олардың қызметін мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін қалыптастыруға одан арғы қадамдарды айқындау мақсатында әзірленді.
3. Табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясаттың қазіргі жай-күйін талдау
2004-2007 жылдарда Заңға және тиісті заңға тәуелді актілерге табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған қағидатты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бұл бағытта уәкілетті органға табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын, персоналдың нормативтік санын, нормативтік ысыраптарын бекіту жөнінде функциялар берілді, ол табиғи монополиялар салаларында кешенді толық реттеушіні қалыптастыру бойынша алғашқы кезең болды.
Жылумен жабдықтау қызметтері табиғи монополия саласы деп танылды және тарифтің отын құрамдасының шығындарын азайту мақсатында жекелеген салалардағы субъектілердің "стратегиялық тауарларды" (көмір, газ мазут, дизельдік отын және электр энергиясы) осы тауарларды өндірушілерден тікелей сатып алу міндеті бекітілген.
Заңнамалық деңгейде инвестициялық тариф ұғымы енгізілді, оны белгілеу тұтынушылардың жаңадан салынған және пайдалануға берілген жаңа өндірістік объектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Заңға субъектілерге шығындарды оңтайландыру немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын қолдану нәтижесінде бекітілген тарифтік счеттарға салынған шығындардың толық пайдаланбаған бөлігін инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағыттауға мүмкіндік беретін норма енгізілген.
Тұтастай алғанда, ел экономикасының деңгейіне және оны ұлғайту жөніндегі
міндеттерге барабар тарифтік реттеудің әдіснамалық және нормативтік-құқықтық базасы қалыптастырылған. 2005-2006 жылдар ішінде ғана
26 ереже, 27 әдістеме, 5 нұсқаулық қабылданды.
Заңына сәйкес табиғи монополиялар салаларына өзіне реттеліп
көрсетілетін қызметтердің елуге жуық түрлерін қамтитын он үш қызмет түрлері жатқызылған. Қазіргі уақытта табиғи монополиялар салаларында бір мыңнан астам субъекті реттеліп көрсетілетін қызметтердің бір мың алты жүз он төрт түрлері бойынша, оның ішінде:
561 - су кәрізі жүйелері саласында;
359 - электр және жылу энергетикасы саласында;
156
- көлік саласында;
41 - мұнай мен газды тасымалдау саласында;
3 - телекоммуникация саласында;
1 - почта байланысы саласында өз қызметтерін жүзеге асырады.
Нақты
барлық салалардағы, әсіресе коммуналдық сектордағы субъектілердің жай-күйі тозығы жеткен өндірістік қорларды жаңғыртуға және жаңартуға инвестициялардың өте төменгі деңгейін сипаттайды. Тозған негізгі құралдар баяу қарқынмен жаңартылуда, коммуналдық сектордағы көптеген базалық субъектілер бойынша негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті жылына 0,03 аспайды, сол кезде энергетикадағы амортизация нормаларына сүйене отырып, орта жылдық тозу 4-5%-ды құрайды. Мысалы, электр энергиясын беру және тарату саласындағы базалық субъект "Батыс Қазақстан өңірлік электр желілік компаниясы" АҚ-ның жаңартудағы орташа коэффициенті
3 жыл ішінде (2004-2006 жылдар) не бәрі 0,0275 құрады. Жылу энергетикасы саласындағы базалық субъект "Астанаэнергия" АҚ-ның негізгі құралдарын
жыл сайынғы жаңарту коэффициенті жылына 0,04 аспайды. Су кәрізі жүйелері саласындағы базалық кәсіпорын "Атырау Су Арнасы" МКК-ның да, көрсеткіші осындай жыл сайын не бәрі 0,01 құрайды. Істен шыққан негізгі құралдардың сомасы жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдардың сомасынан асқан кезде жаңарту коэффициентінің теріс мөлшерінің фактілері бар.
Бұл ретте, 2004-2006 жылдар ішінде көптеген базалық субъектілер бойынша негізгі құралдарды жаңарту коэффициентінің серпіні оң қалыптасты, ол бұл көрсеткіштің орнықты даму үрдісінің қалыптасуын айтуға мүмкіндік береді. Сонымен катар, оң серпін пайдаланылып отырған негізгі құралдардың құнын толық бағаламауға да байланысты болып отыр.
Субъектілердің негізгі өндірістік қорларының баяу жаңартылуы инвестициялар салудың жеткіліксіз деңгейіне тікелей байланысты. Мәселен, 2006 жылы су кәрізі жүйелерінің базалық өңірлік субъектілері не бәрі 1,1 млрд. теңге инвестиция салды. Электр энергиясын беру және тарату саласындағы базалық субъектілер 2006 жылы күрделі салымдарды не бәрі 11,6 млрд. теңге сомасына игерді, бұл ретте осы күрделі салымдардың негізгі үлесі (61%) жүйелі оператор - "КЕГОК" АҚ-ға тиесілі. Жылу энергетикасындағы базалық кәсіпорындарға инвестициялар 2006 жылы 5,23 млрд. теңгені құрады.
Мұндай жағдай, сондай-ақ жеке капиталдың табиғи монополиялар саласына инвестициялар салуға мүддесінің болмауы салдарынан қалыптасты, оның себептері:
1) қажетті инвестиция салымдарының ауқымды мөлшері;
2) инвестициялар өтемділігінің ұзақ кезеңі;
3) "ұзақ" және айтарлықтай "арзан" кредит ресурстарының шектелуі;
4) инвестициялар өтемділігі бөлігінде жүргізіліп отырған тарифтік саясатты анық түсінбеу болып табылады.
Осы факторлар қазіргі уақытта қолда бар негізгі құралдардың тозуына әсер етті, ол коммуналдық сектордағы табиғи монополиялардың барлық салалары бойынша орта есеппен 60-65 %-ды құрайды. Тұтастай алғанда, коммуналдық сектордың базалық субъектілері бойынша 2004 - 2006 жылдар ішінде тозу көрсеткішінің серпіні оның төмендеу үрдісінің жоқтығын растайды.
Өндірістік активтердің жай-күйімен субъектілердің желілеріндегі энергия ысырабының жоғары деңгейінің проблемасы да өзара байланысты болып табылады. Бұл ретте тарифтердің шығын бөлігіне енгізілетін өзіндік құнның құрылымындағы нормативтік техникалық ысыраптар 50%-ға дейін құрайды. Базалық субъектілер бойынша 2006 жыл ішіндегі нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейі электр энергиясы бойынша - 15,7%-ды, жылу бойынша - 20,7%-ды, су бойынша - 31,7%-ды құрады. Ысыраптардың нақты мөлшері одан да жоғары, мысалы, сумен жабдықтауда 60 %-ға дейін жетеді. Осы өлшемдердің тұрақты өсу үрдісі 2006 жылдың екінші жарты жылдығында нормативтік техникалық ысыраптарды бекіту жөніндегі функцияларды уәкілетті органның алуымен өзгерілді. 2007 жылы нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейі жүзден астам субъектіге төмендетілді. Алайда, дамыған елдердің көрсеткіштеріне жету үшін техникалық, қаржылық және ұйымдастырушылық сипаттағы түбегейлі кешенді шараларды қабылдау және іске асыру қажет.
Коммуналдық сектордың барлық базалық субъектілерінде құндық және заттай көріністегі еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің серпіні өсудің аса әлсіз үрдісін көрсетеді. Көптеген кәсіпорындар бойынша бір қызметкерге тиесілі құндық көріністегі өнім шығару (қызметтерді өткізу) көлемі көрсеткішінің төмендеуі болып отыр. Бұл мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың субъектілері үшін барынша тән тиімсіз менеджмент проблемаларының бар екендігі туралы растайды.
Тұтастай алғанда, табиғи монополиялар салаларындағы жағдай жүйелік сипаттағы техникалық және қаржылық проблемалардың ортақтығын көрсетеді, бұл:
1) өндірістердің тозығы жеткендігі мен технологиялық жағынан артта қалуы және осыған байланысты төмен тиімділік пен ысыраптар;
2) жаңғыртуға арналған инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігі мен қаржыландыру тетіктерінің дамымағандығы;
3) тиімсіз менеджмент.
4. Шаралар кешенінің мақсаттары мен міндеттері
Осы Шаралар кешенінің мақсаты субъектілерді қарқынды және тиімді дамытуға, Қазақстан Республикасы экономикалық стратегиясының барабар талаптарына бағытталған субъектілердің қызметін мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін қалыптастыру және олар ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.
Шаралар кешенінің міндеттері:
1) субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруға, субъектілердің активтеріндегі күрделі (инвестициялық) салымдарын көбейту үшін жағдайлар жасауға және олардың инвестициялық тартымдылығын өсіруге бағытталған реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
2) субъектілерді өнімділікті арттыру мен шығындарды төмендетуге ынталандыратын тарифтер есептеудің әдіснамасын қалыптастыру болып табылады.
5. Шаралар кешенін дамытудың негізгі бағыттары және іске асыру тетігі
Реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру
Заңының жаңа редакциясын әзірлеу реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдірудің негізі болады. Заңның жаңа редакциясы қазіргі кезде көптеген заңға тәуелді жекелеген нормативтік құқықтық актілерде жазылған субъектілер қызметін реттеу мен бақылаудың негізгі тәртіптерін қамтиды. Заңға реттеуді ынталандыруды жүзеге асыратын тетіктің қағидаттары мен негіздері заңнамалық актінің деңгейінде ашылатын нормаларды енгізу болжанып отыр. Бұл бағытта Заңға тарифтерді белгілеу кезінде субъектілер қызметінің тиімділік дәрежесін ескеруге мүмкіндік беретін салыстырмалы талдау (benchmarking) әдісінің тарифтерін қалыптастырудың бүгінде қолданыстағы шығын қағидатымен бірге қолдану мүмкіндігі регламенттелетін болады.
Субъектілердің тиімсіз шығындарды азайтуға және инвестициялардың деңгейін арттыруға деген уәждемесін арттыру мақсатында Заңға белгіленген өндірістік көрсеткіштерді орындау кезінде тарифтік сметаның, атап айтқанда, өтемдік тарифтің құралын уәкілетті органның қолдануынсыз әкімшілік шығыстарға байланысты баптар бойынша реттелетін субъектілерге толық көлемінде орындамауға мүмкіндік беретін нормалар енгізілетін болады. Бұл ретте шығынды үнемделген шығыстардың 50 %-на дейін төмендетуге ынталандыру мақсатында жаңа тарифті бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде тарифтің шығын бөлігіне енгізілетін болады деп болжамдануда.
Желілердегі энергияның ысырап деңгейін азайту мақсатында Заңда оларды әлемдік деңгейдің көрсеткіштеріне дейін, оның ішінде тарифте белгілі бір мерзімге олардың өтеміне шығындар сақтаудың есебінен, қазіргі кездегі қолданыстағы деңгейді ескере отырып, кезең-кезеңмен азайту жөніндегі тетігін көрсету болжанады.
Жылу энергетикасы саласындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін бірінші кезекте, "Жылумен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу және қабылдау қажет. Осындай заңдар көбінесе Қазақстанның климаттық жағдайларына ұқсас елдерде әзірленеді және қолданылады. Бірақ, жылу энергетикасы саласында өзінің жұмыс істеудегі қағидатты ерекшелігінің, электр энергиясы нарығынан айырмашылығының бар екендігіне қарамастан, қазіргі кезде Қазақстанда жылу энергетикасының мәселелері жөнінде жекелеген заңнамалық акті жоқ. Осы Заңда жылумен жабдықтауды жоспарлаудың, жылу энергиясын босату мен тұтынуды техникалық реттеудің, бақылаудың құқықтық аспектілерін көрсету және орталықсыздандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріндегі нормативтік реттеу тетігі жазылуы қажет.
Негізгі технологиялық жабдықты нақты жаңарту және энергияның шығысын есепке алу мен бақылаудың осы заманғы жүйелерін орнату процестерін белсенді ету үшін активтерді қайта құрылымдау мен жаңғыртуға, ысыраптарды төмендетуге, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді оңтайландыруға, энергиямен жабдықтау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған жылу энергетикасын қолдау мен дамытудың салалық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруға кірісу қажет.
Мемлекеттік меншіктегі субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру процестерін ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның концессия саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелеріне қатысуын көздеген орынды. Концессия объектілері жөнінде, концессиялық жобаларды қарауға және іріктеуге қатысу жөнінде, сондай-ақ концессия шарттарын келісу жөнінде ұсыныстар қалыптастыру және енгізу бөлігіндегі субъектілер пайдалануындағы объектілер мен мүліктік кешендер жөніндегі функцияны оларға бекітіп берген орынды.
Осылайша, алдағы кезеңде реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі негізгі бағыттар:
1) Заңының жаңа редакциясын әзірлеу, ол мыналарды:
негізгі қолданыстағыларды заңға тәуелді актілердің, тәртіптердің деңгейіне біріктіруді;
тарифтер белгілеу кезінде субъектілер қызметінің тиімділік дәрежесін ескеруге мүмкіндік беретін салыстырмалы талдау (benchmarking) әдісінің тарифтерін қалыптастырудың бүгінде қолданыстағы шығын қағидатымен бірге қолдану мүмкіндігін регламенттеуді;
тиімсіз шығындарды азайтуға және инвестициялардың деңгейін ұлғайтуға субъектілердің уәждемесін арттыру тетігін көздеуі тиіс;
2) жылумен жабдықтау жүйелерін дамыту жөніндегі шара кешенін әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын жетілдіру болмақ.
Табиғи монополиялар субъектілерін өнімділікті арттыру және шығындарды төмендетуге ынталандыратын тарифтерді есептеудің әдіснамасын қалыптастыру
Заңнамалық актінің деңгейінде салыстырмалы талдау (benchmarking) әдісінің тарифтерін қалыптастырудың бүгінде қолданыстағы шығын қағидатымен бірге қолдану мүмкіндігін есепке алу реттеудің әдіснамалық базасында осы әдісті көрсету қажеттігін білдіреді. Тарифтерді қалыптастырудың қолданыстағы шығын әдіснамасының басты кемшілігі шығындарды көбейтудің нарықтық емес ынталарына ықпал ету және еңбек өнімділігін арттыруға арналған қызмет пен технологияларды оңтайландыру жөніндегі уәждемеге алғышарттардың болмауы болып табылады.
Субъектілерге қатысты тарифтер белгілеу кезінде олардың қызметі тиімділігінің дәрежесін ескеру болжанады. Халықаралық тәжірибеде бенчмаркингтің бірнеше үлгілері, мысалы, түзетілген қарапайым барынша аз квадраттар мен деректерді инкапсуляция әдісімен талдау әдістері пайдаланылады. Субъектілер қызметінің тиімділік дәрежесі бірқатар көрсеткіштер бойынша есептелетін болады. Мысалы, өңірлік электр желілік компаниялар болып табылатын субъектілер үшін мынадай көрсеткіштер: электр энергиясының үлестік ысыраптары, бір қызметкерге нақты және құндық көріністегі еңбек өнімділігі, операциялық шығындар, күрделі салымдар көлемі және кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеу дәрежесін объективті түрде сипаттайтын басқа да көрсеткіштер ескерілетін болуы мүмкін. Бұл ретте, бенчмаркингті қазақстандық компаниялардың тарифтік реттеуіне дұрыс емес көшіру мүмкіндігін болдырмау мақсатында пилоттық жобада оны алдын-ала сынамалау қажет. Пилоттық жоба өңірлік электр желілік компанияларда іске асырылатын болады. Бұл үшін әлемдік тәжірибенің озық мысалдарының негізінде субъектілердің жұмыс істеуі мен дамуының қазақстандық ерекшеліктері мен реңктері ескерілетін тиісті әдістемені әзірлеу қажет.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Осы Шаралар кешенін іске асыруды қаржылық қамтамасыз етудің көздері республикалық бюджеттің қаражаты болып табылады.
Республикалық бюджетте Шаралар кешенін іске асыруға 1117100 мың теңге, оның ішінде жылдар бойынша:
2008 жылға - 382 100 мың теңге;
2009 жылға - 370 000 мың теңге;
2010 жылға - 365 000 мың теңге көзделген.
2009-2010 жылдарға арналған шығыстардың көлемі тиісті қаржылық жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.
7. Шаралар кешенін іске асырудан күтілетін нәтижелер
Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі Шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде:
тозығы жеткен өндірістік активтерді жаңғыртуға және кәсіпорындарды басқару (менеджмент) сапасын арттыруға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру арқылы субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру;
кем дегенде елу субъектілерге орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған инвестициялық бағдарламаларды уәкілетті органның бекітуі;
кем дегенде жиырма субъектілерге дейін орта мерзімді және ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындардың санын ұлғайту;
өңірлік электр желілік компаниялар болатын субъектілерде салыстырмалы талдау әдісінің (бенчмаркингтің) тарифтерін белгілеу кезінде пилоттық жоба ретінде қолдану;
авариялардың санын кеміту және субъектілер ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру күтіледі.
8. Шаралар кешенін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
жоспары
Р/с
|
Іс-шара |
Аяқталу нысаны |
Орын-
|
Орындау
|
Болжам-
|
Қаржы-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. |
Концессиялар туралы Қазақ-
|
Қазақстан
|
ТМРА, ЭБЖМ, АБА |
2008 жылғы I тоқсан |
Талап
|
|
2. |
Қатынастардың түрлері бойынша
|
Қазақстан
|
ТМРА, ЭБЖМ, ККМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ |
2008 жылғы I тоқсан |
Талап
|
|
3. |
Тиімділік фак-
|
ТМРА бұйрығы |
ТМРА |
2008 жылғы ІІI тоқсан |
16,0 |
Респуб-
|
4. |
Мұнайды магис-
|
ТМРА бұйрығы |
ТМРА |
2008 жылғы ІІI тоқсан |
5,3 |
Респуб-
|
5. |
Газды магист-
|
ТМРА бұйрығы |
ТМРА |
2008 жылғы ІІI тоқсан |
5,3 |
Респуб-
|
6. |
Электр энергия-
|
ТМРА бұйрығы |
ТМРА |
2008 жылғы IV
|
5,5 |
Респуб-
|
7. |
"Су шаруашылы-
|
ТМРА бұйрығы |
ТМРА, ЭБЖМ |
2008 жылғы IV
|
Талап
|
|
8. |
Табиғи монопо-
|
Қазақстан
|
ТМРА |
2008 жылғы желтоқ-
|
350,0 |
Респуб-
|
9. |
"Табиғи моно-
|
Қазақстан
|
ТМРА, ЭБЖМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, АБА |
2008 жылғы I тоқсан |
Талап
|
|
10. |
Жылумен жабдық-
|
Қазақстан
|
ЭМРМ,
|
2008 жылғы ІІI тоқсан |
Талап
|
|
11. |
Табиғи монопо-
|
ТМРА бұйрығы |
ТМРА |
2009 жылғы IV
|
20,0 |
Респуб-
|
12. |
Табиғи монопо-
|
Қазақстан
|
ТМРА |
2009 жылғы желтоқ-
|
350,0 |
Респуб-
|
13. |
Табиғи монопо-
|
ТМРА бұйрығы |
ТМРА,
|
2010 жылғы IV
|
15,0 |
Респуб-
|
14. |
Табиғи монопо-
|
Қазақстан
|
ТМРА |
2010 жылғы желтоқ-
|
350,0 |
Респуб-
|
Ескертпе
:
2009-2010 жылдарға арналған республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі тиісті қаржылық жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нақтыланатын болады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы
:
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі;
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі;
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі;
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі.