Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1098 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1276 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1098  қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақта "жоюға" деген сөзден кейін "және онда басқа да құрылыс жұмыстарын жүргізуге" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі