Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 ақпандағы N 90 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1272 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 ақпандағы N 90  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбындағы "өкілі" деген сөз "өкілдері" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақта:
      "өкілі" деген сөз "өкілдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішев" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1272 қаулысына  
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 ақпандағы N 104  қаулысы .

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 наурыздағы N 205  қаулысы .

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 және 2006 жылғы 17 ақпандағы N 104 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 маусымдағы N 564  қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 ақпандағы N 90  қаулысының 3-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 ақпандағы N 104 және 2007 жылғы 8 ақпандағы N 90 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 тамыздағы N 739  қаулысы .