Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1255 Қаулысы

Қолданыстағы

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлімінде:
      09 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
      213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" әкімшісі бойынша:
      027 "Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтік қорғау" бағдарламасында:
      100 "Оралмандарды уақытша орналастыру орталығы" кіші бағдарламасындағы "107753" деген сандар "134287,2" деген сандармен ауыстырылсын;
      101 "Оралмандардың көшіп келуі және әлеуметтік қорғалуы" кіші бағдарламасындағы "2723075" деген сандар "2711144,8" деген сандармен ауыстырылсын;
      102 "Оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету" кіші бағдарламасындағы "8761186" деген сандар "8746582" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі