Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 150-бабы 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1254 қаулысымен
бекітілген
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі
1. Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді салуды көздейтін жобалар, оның ішінде:
1) 250 оқушыға дейінгі жалпы білім беретін орта мектептер салу;
2) 300, 600, 900, 1000, 1200 оқушыға арналған орта мектептер салу;
3) 280 орынға дейінгі мектепке дейінгі балалар мекемелерін салу;
4) 500 оқушыға дейінгі мектеп-интернаттарын салу;
5) дәрігерлік амбулаториялар салу;
6) медициналық пунктер салу;
7) перзентхана бөлімшесі бар 180 төсекке арналған көп бейінді ауруханалар салу;
8) қоса алғанда 300 төсекке дейінгі көп бейінді ауруханалар салу;
9) қоса алғанда 200 төсекке дейінгі көп бейінді балалар ауруханаларын салу;
10) қоса алғанда 100 төсекке дейінгі ауылдық ауруханалар салу;
11) 60 төсекке арналған перзентханалар салу;
12) ауысымында 250 адам қабылдайтын аудандық емханалар салу;
13) ауысымында 500 адам қабылдайтын қалалық емханалар салу;
14) қоса алғанда 100 төсекке және ауысымында 150 адамға дейін қабылдайтын туберкулезге қарсы диспансерлер салу;
15) жылына 20000 литрге дейін дайындау көлемі бар қан орталықтарын салу;
16) ауысымында 100 адам қабылдайтын емханалары бар 60 төсек-орындық госпитальдар салу;
17) әскери қалашықтар аумағында пәтер үлгісіндегі 100 бөлмеге арналған үлгі жатақханалар салу;
18) әскери қалашықтар аумағында үлгі 120 пәтерлік тұрғын үйлер салу;
19) қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшін биіктігі - қоса алғанда 5 қабатқа дейінгі көп функционалды қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкімшілік, қызметтік-басқару және мәдени-ағарту ғимараттарын (бір мезгілде 300-ден аспайтын адам болатын) салу;
20) сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезінде арнайы жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшін - биіктігі қоса алғанда 3 қабатқа дейінгі көп функционалды қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкімшілік, қызметтік-басқару және мәдени-ағарту ғимараттарын салу;
21) қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшін - сыйымдылығы 300-ден аспайтын көрерменге арналған спорттық-ойын-сауық ғимараттары және залы бар жабық құрылыстар салу;
22) сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезінде арнайы жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшін - сыйымдылығы 100-ден аспайтын көрерменге арналған спорттық-ойын-сауық ғимараттары және залы бар жабық құрылыстар салу;
23) әскери қалашықтар аумағында қызмет көрсету күніне 240 адамға дейінгі үлгі спорт кешендерін салу;
24) республикалық және облыстық маңызы бар аудандарда, қалаларда 320 адам өткізу қабілеті бар дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің объектілерін салу;
25) тәулігіне қоса алғанда 100 жолаушыға дейінгі өткізу қабілеті бар темір жол вокзалдарын салу;
26) қоса алғанда 75 адамға дейінгі күту залдары бар сапаржайлар салу;
27) авиажолаушыларға қызмет көрсетуге арналған, сағатына қоса алғанда 75 жолаушыға дейінгі өткізу қабілеті бар әуевокзалдары мен әуежай терминалдарын салу;
28) қоса алғанда 75 адамға дейінгі күту залдары бар теңіз және өзен вокзалдарын (жүзетін айлақтарды және дебаркадерлерді қоспағанда) салу;
29) сыйымдылығы 25 автомобильден аспайтын жеке тұрған бір қабатты (жер үстіндегі немесе жер астындағы) гараж-тұрақтарын салу.
2. Қоғамдық және әкімшілік мақсаттағы объектілерді салуды көздейтін жобалар, оның ішінде:
1) облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында халыққа қызмет көрсету орталықтарын салу;
2) 30 жұмыс орнына дейін Қазақстан Республикасы салық органдарының ақпаратын қабылдау және өңдеу орталықтарын салу;
3) аумақтық қазынашылық бөлімшелерін орналастыру үшін үлгі ғимараттар салу.
3. Үлгі жобалық шешімдерді қолдануды көздейтін құқық тәртібі, өрт, фито-санитарлық, ветеринарлық және өзге де қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі объектілер салуды көздейтін жобалар, оның ішінде:
1) желілік ішкі істер бөлімдерін орналастыру үшін 75, 150, 470 орынға арналған ғимараттар (кешендер) салу;
2) аудандық ішкі істер бөлімдерін орналастыру үшін 75, 150, 470 орынға арналған ғимараттар (кешендер) салу;
3) табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары үшін қызметтік кордондар салу;
4) табиғат қорғау мекемелерінің бақылау-өткізу пункттерін салу;
5) табиғат қорғау мекемелерінің өртті қадағалау мұнараларын салу;
6) табиғат қорғау мекемелерінің өрт-химия станцияларын салу;
7) түзеу мекемелерін қорғау жөніндегі ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін орналастыру үшін объектілер салу.