"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабы 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімін беруші болып айқындалсын.
2. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімінің тізбесі бекітілсін.
3. "Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 1121 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 11 желтоқсандағы
N 1222 қаулысымен
бекітілген
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесі талап
етілетін баспа өнімінің тізбесі
1. Ассистентура-тағылымдаманы бітіргені туралы куәлік
2. Астық қолхаттары - астық қабылдаушы кәсіпорын астық иесінен астықты сақтауға қабылдап алғанын растауға беретін қосарлы қойма куәлігі
3. Аңшы куәлігі
4. Ағаш кесу билеті
5. Әскери билеттер
6. Әскери тасымалдау құжаттары - 1-нысанды талап, 2-нысанды талап - жүк құжаты, 3-нысанды талап, багаж талоны
7. Білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама
8. Бағалы қағаздардың бланкілері
9. Вексельдердің бланкілері
10. Визалық жапсырмалар
11. Ғылым кандидатының дипломы
12. Ғылым докторының дипломы
13. Ғылым кандидатының дипломы (қайта аттестаттау)
14. Доценттің аттестаты
15. Жоғары ғылыми-педагогикалық білім туралы диплом
16. Жоғары ғылыми-педагогикалық білім туралы үздік үлгідегі диплом
17. Жоғары ғылыми-педагогикалық білім туралы дипломға қосымша
18. Жануарлар әлемін пайдалануға арнайы рұқсаттардың бланкілері
19. Интернатураны бітіргені туралы куәлік
20. Кешенді тестілеу сертификаты
21. Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарында даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарының куәлігі (жеке куәлігі)
22. Кәсіптік бастауыш білім туралы диплом
23. Кәсіптік бастауыш білім туралы үздік үлгідегі диплом
24. Кәсіптік бастауыш білім туралы дипломға қосымша
25. Кәсіптік орта білім туралы диплом
26. Кәсіптік орта білім туралы үздік үлгідегі диплом
27. Кәсіптік орта білім туралы дипломға қосымша
28. Жоғары арнайы білім туралы диплом
29. Жоғары арнайы білім туралы үздік үлгідегі диплом
30. Жоғары арнайы білім туралы дипломға қосымша
31. Кәсіптік жоғары білім туралы диплом
32. Кәсіптік жоғары білім туралы үздік үлгідегі диплом
33. Кәсіптік жоғары білім туралы дипломға қосымша
34. Клиникалық ординатураны бітіргені туралы куәлік
35. Куәлік (шетелдік дипломның қазақстандық дипломға баламалылығы туралы)
36. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру туралы куәлік
37. Қазақстан Республикасындағы СИТЕС Әкімшілік органы рұқсаттарының бланкілері
38. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган беретін хабарламалардың бланкілері
39. Мемлекеттік аралық бақылау сертификаты
40. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификат
41. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымды аккредиттеу туралы куәлік
42. Негізгі жалпы білім туралы куәлік
43. Негізгі жалпы білім туралы үздік үлгідегі куәлік
44. Негізгі жалпы білім туралы куәлікке қосымша
45. Орта жалпы білім туралы аттестат
46. Орта жалпы білім туралы үздік үлгідегі аттестат
47. Орта жалпы білім туралы "Алтын белгі" аттестат
48. Орта жалпы білім туралы аттестатқа қосымша
49. Офицерлердің жеке басын куәландыратын куәлігі
50. Орман билеті
51. Профессордың аттестаты
52. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіби даярлығының деңгейін растау және біліктілік беру туралы сертификат
53. Темір жол көлігінде жүк тасымалдауды есепке алуға арналған қатаң түрдегі есепке алу бланкілері
54. Табиғатты пайдалануға берілген рұқсаттардың бланкілері
55. Уәкілетті мемлекеттік органдар беретін лицензиялардың бланкілері
56. Уәкілетті мемлекеттік органдар беретін лицензияларға қосымшалардың бланкілері
57. Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты
58. Чек кітапшалары
59. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бланкілері
60. Ішкі нарықта балықтың бекіре түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған маркалар
61. Акциялар шығарылымын жою туралы куәліктердің бланкілері
62. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөніндегі хабарламалардың бланкілері
63. Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу туралы куәліктердің бланкілері