Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. "Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 731
қаулысына
мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
5-тармақтың 6) тармақшасының төртінші абзацында ", қоршаған ортаны қорғау" деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақта "жұмыс күнінен" деген сөздерден кейін ", ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында: